Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Башқұрт мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

Башқұрт мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

04 Сәуір 2016

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 20 ақпанынан бастап 4 наурызға дейін «Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша Башқұрт мемлекеттік медицина университетіне қонақтық дәріс сабақтарымен бардық.

БММУ дәлелді медицина бойынша дәріс сабақтар, сабақтар және объективтік құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ) өткізу бойынша мастер-кластар өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқыту дипломға дейінгі деңгейдегі білім алушылар, үздіксіз кәсіби дамыту тыңдаушылары, Г.Куватов атындағы Республикалық клиникалық аурухана дәрігерлері үшін өткізілді. Материалдар оқытудың интерактивтік әдістерін (TBL, CBL) пайдалана отырып мәселелік таныстырылым-дәрістері мен семинар сабақтары түрінде ұсынылды. Дәріс сабақтар БММУ түрлі оқу және клиникалық базаларында өткізілді, оның ішінде №6 және №21 клиникалар бар.

Оқыту сапасын жетілдіру мақсатында клиникалық фармакология курсы бар фармакология кафедрасында медициналық жоолар жағдайында оқытудың, PBL (мәселелік-бағдарланған оқыту), TBL (топтық-бағдарланған оқыту), CBL (клиникалық жағдайларға негізделген оқыту) сияқты белсенді әдістерінің теориялық және практикалық аспектілері ұсынылды.

БММУ практикалық дағдылар орталығында студенттермен, клиникалық ординаторлармен кездесу өткізілді. Кездесуде БММУ студенттерінің ҚММУ академиялық ұтқырлығы мен оқуының мәселелері, сонымен қатар симуляторлар мен клиникалық сценарийлерді пайдалана отырып клиникалық дағдылар деңгейін арттыру мүмкіндігі қарастырылды. Уфа қаласының №6 қалалық клиникалық ауруханасында орналасқан симуляциялық орталықта клиникалық анестезиолог-реаниматолог ординаторлардың қатысуымен ОҚКЕ ұйымдастыру және өткізу бойынша мастер-класс өткізілді. Тренинг өткізілген соң мастер-кластың барлық қатысушылары жағымды қайтарма байланыс көрсетті және білім алушылардың клиникалық дағдыларын бағалау үшін ОҚКЕ пайдалану мүмкіндігін талқылады.

Манекендерді пайдалана отырып клиникалық оқытудың қазақстандық тәжірибесін тарату және БММУ ПОҚ ынталандыруды арттыру мақсатында симуляциялық оқытуды және ОҚКЕ белсенді түрде енгізу бойынша «ХХІ ғасырдағы медициналық білім берудегі заманауи білім беру технологиялары. Клиницист құзыреттілігін қалыптастыру. Заманауи бағдарда ОҚКЕ өткізу» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияны БММУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор О.В.Галимов ашты. Конференцияға БММУ кафедра меңгерушілері, клиникалық кафедралардың профессорлары мен оқытушылары, клиникалық ординаторлар мен студенттер қатысты. Конференцияда манекендерді пайдалана отырып клиникалық дағдыларды дамыту, білім алушылардың клиникалық біліктілігін бағалау үшін ОҚКЕ ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Осымен, академиялық ұтқырлық жаңа ұжымда жеке бас дамуы мен педагогикалық шеберлікті арттырудың баға жетпес мүмкіндігін береді, жемісті ынтымақтастық үшін жаңа белестер ашады, мәдени алмасуға мүмкіндік жасайды және бағдарламаға қатысушыларға білім беру, ғылым және практика саласында тиімді өзара әрекеттесу және ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша тәжірибе алуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, кадрлардың ұтқырлығы жоолардың бәсекеге қабылеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді, ол болашақта университеттердің ғылыми мектептері мен білім беру қызметінің танымалдығын арттыра түседі.

Қонақ болған кездегі ыстық лебіздері мен көрсетілген қолдаулары үшін БММУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, профессор О.В.Галимовқа, емдеу ісінің деканы, профессор И.Р.Рахметуллинаға, Практикалық дағдылар орталығының жетекшісі, ДКБИ курсы бар анестезиология және реаниматология кафедрасының доценті Г.А.Биктимироваға БММУ алғыс сөздері білдірілді.

Г.С.Кемелова,  Клиникалық фармакология және ДМ кафедрасының доценті, Медициналық білім беру бөлімі,

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан)


0
8862

пікірлер

пікір қалдыру үшін.