Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!

Қош келдің, Наурыз!

01 Сәуір 2016

2016 жылғы 17 наурызда №7 жатақханада орыс тілі кафедрасы «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Концертті ұйымдастырушылар, әрі белсенді қатысушылары - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 1-курс студенттері, сондай-ақ, шетел бөлімінің студенттері. Орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Бекбалакованың, оқытушы А.М.Мудровскаяның басшылығымен іс-шара сценариі әзірленді, қазақ ұлттық тағамдары дайындалып, аудитория безендірілді.

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультеті деканының орынбасарлары Камарова Айсулу Макашқызы және Омарова Айнұр Құралбайқызы іс-шараның сыйлы қонағы болды.

Мерекелік концерт А.М.Камарова мен орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Ж.С.Акишеваның құттықтау сөзімен ашылды. Олар Наурыз мейрамының барша түркі халықтарына ортақ мереке екенін атап өтіп, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы деп қабылданатынын айтты.

Бұдан кейін студенттер мерекелік бағдарлама ұсынды, қазақ ұлттық салт-дәстүрлер - «Бата беру», «Беташар», «Шашу» көрсетілді. Шетел бөлімшесі студенттерінің орындауында «Қара жорға» биі мен «Раджистан» үнді ұлттық биі үлкен қошаметпен қабылданды. Үнді студенттері Мухаммад Муджахид және  Абдулла,  Ширештаның орындауларындағы музыкалық композиция да барша көрерменнің көңілінен шықты. Іс-шараның ұйымдастырылуы шетелдік студенттерге көп ұлтты Қазақстанның мәдениетімен және салт-дәстүрімен жақынырақ танысуларына мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында барлық қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.


0
8349

пікірлер

пікір қалдыру үшін.