Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қош келдің, Әз-Наурыз»

«Қош келдің, Әз-Наурыз»

31 Наурыз 2016

17 наурызда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Жыр жауһар» авторлық-поэзиялық клубымен бірлесе ҚММУ-де «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізді.

  Көктемнің шуақты мерекесі «Наурыз мейрамы» қазақстандықтар үшін сүйікті мерекелердің бірі болып табылады. Бұл мереке екінші Жаңа жыл деп те аталады.

  «Наурызды» тойлау шығыста дәстүрлі түрде 21 наурызда басталады. Ғасырдан ғасырға дейін, осы күн қазақтар үшін тек күн мен түннің теңесуі ғана емес, ұйқыда жатқандардың оянуы, табиғаттың жаңаруы, сонымен қатар, құнарлылық, жандану және махаббаттың белгісі. Осы күні адамдар өздерінің жақсы киімдерін киіп, біріне бірі қонаққа барады және жақсы тілектерін білдіреді.

  «Қош келдің, Әз-Наурыздың» қатысушылары: студенттер өздерінің шығармаларын оқыды, костюмді қойылымдар көрсетті, ән де салды, мерекелік айтыс та өткізді. Мереке соңында барлық қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдары қойылған  мерекеге орай жайылған дастарханға шақырды: бесбармақ, бауырсақ, құрт, ірімшік, сүзбе және дәстүрлі «наурыз көже». Үстел басында «Жыр - жауһар» жиналғандарға қазақ халқының дәстүрі туралы әңгімелеп берді, ұлттық ыдыстарды, қазақтардың күнделікті қазақша ұлттық киімдерін көрсетті, қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиюге дастарханға шақырды.

Ибрагим Тоғжан (4-047 ЖМ).


0
8269

пікірлер

пікір қалдыру үшін.