Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жүктілердегі неврологиялық аурулар мәселесін шешу

Жүктілердегі неврологиялық аурулар мәселесін шешу

29 Наурыз 2016

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасында (ҚОДСБ) 2016 жылдың 16 наурызында пәнаралық мәселе бойынша «Жүктілік кезіндегі жүйке жүйесі аурулары» атты алғашқы ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференция төрағасы ҚОДСБ басшысының орынбасары, м.ғ.к., доцент, акушер-гинеколог Г.К.Мамалинова, конференцияның қосымша төрағалары – неврология, психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор  М.Г. Абдрахманова және акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі И.Л. Копобаева болды. Конференцияға Қарағанды қаласы  (ОКА, №1ҚА (ГБ), АМСК (ПМСП), ААГО (РАГЦ), №3,№4,№5 поликлиника) және облысы бойынша (Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Сарань, Абай, Жезқазған қалалары) тәжірбиелік денсаулық сақтаудың өкілдерін қоса алғанда, 150 дәрігер (акушерлер-гинекологтар, неврологтар, жалпы тәжірбиелік дәрігерлер, терапевтер), сонымен қатар ҚММУ-нің неврология, психиатрия және наркология кафедрасы, акушерлік және гинекология кафедрасы, ЖТД кафедрасының қызметкерлері және де медициналық мекеме басшылары, бас дәрігерлері қатысты. 

Қатысушылар алдында  баяндамалармен: жоғары білікті невропатолог, ҚОДСБ штаттан тыс невропатологы М.Д. Мазурчак «Заболевания нервной системы у беременных по Карагандинской области» («Қарағанды облысы бойынша жүктілердегі жүйке жүйесі аурулары») баяндамасымен, неврология, психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор  М.Г.Абдрахманова «Цереброваскулярные заболевания у беременных» («Жүктілердегі цереброваскулярлы аурулар») атты баяндамасымен, неврология, психиатрия және наркология кафедрасының, м.ғ.д. Т профессор м.а..Т. Киспаева «Дорсопатии беременных: современное состояние пробелы» («Жүктілердегі дорсопатия: мәселенің заманауи жағдайы») тақырыбында,  «Тактика и ведение беременных с нейро-мышечными заболеваниями и рассеянным склерозом» («Нейро-бұлшықеттік және шашыранды склерозбен ауыратын жүктілерді жүргізу және тактика») атты тақырыпта ақпаратпен м.ғ.к., доцент Р.А.Беляев,  «Тактика и ведение беременных при эпилепсии» («Эпилепсия кезінде жүктілерді жүргізу және тактика») баяндамасымен ОКА-ның неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Н.А. Евстафьева сөз сөйледі. Баяндамалардың ұсынылған тақырыбына тыңдаушылар белсенді қызығушылық танытты, өріс алған пікірталас қатысушылар арасында көптеген пікір туғызды, тәжірбиелік денсаулық сақтау дәрігерлері жүйке жүйесі аурулары бар жүктілерді жүргізу кезінде пайда болатын сұрақтарға жауаптарын алды. Конференциядағы мәліметтер бойынша «Тактика и ведения беременных с заболеваниями нервной системы» («Жүйке жүйесі аурулары бар жүктілерді жүргізу және тактика») тақырыбында әдістемелік нұсқаулар жасау және шығару, сонымен қатар СӨС облыстық басқармасының өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел аясындағы отырыс жоспарланып отыр. 


0
8426

пікірлер

пікір қалдыру үшін.