Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ақылдылар тартысы» зияткерлік ойыны

«Ақылдылар тартысы» зияткерлік ойыны

28 Наурыз 2016

16 наурыз күні Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінде «Ақылдылар тартысы» атты зияткерлік ойынын өткізді.

  Іс-шараның негізгі мақсаты: Студенттер арасында туберкулез профилактикасы жайлы ақпарат деңгейін көтеру және өздерінің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.

  Ойын шарттары бойынша барлық қатысушылар 4 топқа бөлінді. Көбірек балл алу үшін әр топ өздерінің білімін, жеңіске деген құштарлығын, сонымен қатар, әрбір қабатта орналасқан 5 станцияны барынша қысқа уақытта өту үшін өздерінің физикалық дайындықтарын көрсету керек болды.

  № 1 станцияда «Путешествие во времени»  және №2 станцияда «Мозговой штурм» студенттер туберкулез тарихы және диагностикасы туралы бірнеше сурақтарға жауап беру ұсынылды.

  №3 станцияда студенттер бұл аурудың профилактикасы туралы білімдерін көрсетті.

   Студенттер арасында белсенділікке №4 станция «Шоу экстрасенсов» ие болды. Бұл жерде студенттер өздерінің бар білгенін көрсетіп, туберкулездің этиологиясы мен патогенезін анықтауы керек.

  Топтар арасындағы бәсекелестік ойынның соңғы кезеңіне дейін созылды. Соңғы кезеңде студенттер өздерінің өнерлерін көрсетіп, туберкулез жайлы көрініс көрсетуге тиіс еді.

  Ойынды қорытындылай келе, әділқазылар шешімі бойынша «Ақылдылар тартысы» зияткерлік ойынының жеңімпазы «Знатоки» тобы атанды. Сонымен қоса басқа да қатысушыларды марапаттау үшін қосымша номинациялар берілді:

  «Экстрасенсы» номинациясына- «Дети Авиценны» тобы ие болды;

  «Самые креативные» номинациясына - «Brainstorm» тобы ие болды;

   «Самые артистичные»номинациясына- «Микобактерии» тобы ие болды;

  және «Знатоки» тобы«Шустряки» номинациясы бойынша үздік болып танылды.

Қайрберлин Дәулет.

«Самұрық» СР Ақпарат және байланыс министрлігінің вице-министрі.


0
8232

пікірлер

пікір қалдыру үшін.