Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мальтаға іс-сапар

Мальтаға іс-сапар

25 Наурыз 2016

2016 жылдың 27 ақпан және 12 наурыз аралығында Валетта қаласында (Мальта) 65-ші Бас Ассамблея болып өтті.  

1951 жылы іргесі қаланған  IFMSA (International Federation of Medical Students' Associations), әлемдегі 119 мемлекеттің 127 ұлттық ұйымдар арасынан 1,3 миллионнан астам медицина жастары ұйымы болып қана қоймай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жастар қанаты ретінде қабылданған. (ДДҰ).

KazMSA (Қазақстан медицина жастары Ассоциациясы) әлемдік федерацияға 2014 жылы кандидат мүше ретінде қабылданып және екі жыл ішінде өзінің белсенділігін көрсетіп 65-ші Бас Ассамблеяға (Мальта) шақырылды.

Ассамблеяда Қазақстан атынан әртүрлі медицина жоо ішінен 11 студент қатысты. ҚММУ атынан Б.С.Ибраев (4-014 ОМ), У.Орынказы (4-073 ОМ), А.Т.Маликайдар (3-043 ОМ), А.Умбетали (3-075 ОМ), М.Нурмулдина (1-026 ОМ) қатысты.

Біздің топ алдын ала сессиялар және комитеттер бойынша бөлінді. Алғашқы күннен бастап біздің делегация медициналық білім беру, әлеуметтік денсаулық, сексуалды және репродуктивті денсаулық сақтау, кәсіби және ғылыми-тәжірибелік алмасу, әлем және адам құқықтары бойынша тұрақты комитеттердің сессияларына белсенді атсалысты. Әрбір тұрақты комитетте өзіне нақты тақырыптар бойынша өзекті мәселелер талқыланып, пікірталас, тренинг, топтық жұмыстар және т.б. жүргізілді.

 Тұрақты комитет сессияларымен қатар президенттік сессиялар өтті. Бұл сессияда KazMSA-ның IFMSA құрамына толықтай енуі жайлы ұйымдастырушылық сұрақтар талқыланды. Барлық сұрақтар 127 ұлттық ұйымдар дауысымен және комиссия шешімімен қабылданатын болғандықтан әлемдік деңгейде талқыланды. Комиссия бағасы және дауыс беру нәтижесі бойынша біздің Ассоциацияның екі жылдық жұмысы ақталды. Мальта уақыты бойынша 5 наурыз күні осы күнге дейін кандидат мүшелік болған біздің Ассоциация KazMSA «Full membership” статусын алды. Бұл барлығымыз үшін тарихи сәт болды. Бірақ осы статустың барлық жауапкершілігі мен салмақтылығын біле отыра, біз бұл жетістігімізбен тоқтап қалмай әрі қарай белсенді жұмыс жасап, оңды нәтижелерге қол жеткізіп, әлемге барлық мүмкіндігімізді көрсетеміз

Аталмыш іс-шараға қатысуға мүмкіндік берген біздің университетіміздің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.А.Тұрмұхамбетоваға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Батыржан Ибраев

KazMSA-Kazakhstan президенті

4-014 ЖМ студенті


0
8770

пікірлер

пікір қалдыру үшін.