Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қолалы спартакиада

Қолалы спартакиада

24 Наурыз 2016

Облыс әкімінің жүлдесі берілетін спартакиада «студенттік Олимпиада» деп бекер аталмайды.

Жыл сайын, қыс соңында Қарағанды ЖОО-дарының құрама командалары өздерінің «alma mater» спорттық намыстарын қорғауға және команданың беріктігін тексеру үшін облыстың спорттық аренасында кездеседі. Осы жылы турнир 10-шы рет өтіп отыр.

Облыстық Спартакиада жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт және дене шынықтыру сабақтарына студенттерді тарту мақсатында өткізіледі.

Спартакиада қатысушылары спорттың 13 түрі бойынша – баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, мини-футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, волейбол, қысқы президенттік көпсайыс, коньки спорты, қазақша күрес, шаңғы жарысы және жеңіл атлетикадан жарысады.

ҚММУ спортшылары облыстағы мықтылардың бірі болып саналады, біздің команда облыстық, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы болып табылады.

Облыс әкімінің жүлдесіне X Спартакиаданың қорытындысы бойынша ҚарМУ спортшылары 1 орынға ие болды, екінші орынға ҚарМТУ спаортшылары және үшінші орынға ҚММУ командасы ие болды.

Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне

X Студенттік Спартакиадасының қорытынды кестесі

27.02-05.03.2016ж.

ҚММУ спорт клубы.


0
8484

пікірлер

пікір қалдыру үшін.