Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында өткізілген Наурыз мейрамы

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында өткізілген Наурыз мейрамы

18 Наурыз 2016

16 наурыз күні сағат 10.00 де Гоголь көшесі, 36-үй мекенжайындағы 111 аудиторияда, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында «Наурыз мейрамы» атап өтілді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5-курс студенттерінің қатысуымен театрландырылған көріністер, яғни, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер: «Айтыс»,«Асық ойнау», «Қонақты қарсы алу», «Қазақша күрес», «Көрісу» көрсетіліп, сонымен қатар, қонақтарға дәстүр бойынша «Наурыз көже» ұсынылды.

Көрініс студенттердің орындауындағы  ғажайып ұлттық билермен және күйлермен толықтырылды. Қонақтар,кафедра қызметкерлері және студенттер осы мерекені «Қара жорға»  би флешмобымен аяқтады. 



0
8764

пікірлер

пікір қалдыру үшін.