Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Темекі шегу - миф, ақиқат және салдары.

Темекі шегу - миф, ақиқат және салдары.

17 Наурыз 2016

ҚММУ биологиялық химия кафедрасы, № 2 хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасы қызметкерлері студенттермен тәрбие жұмысы шаралары аясында№ 1 жатақханада «Дөңгелек үстел» түрінде студенттермен кездесу өткізді . Биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі профессор. Л.Е. Муравлева мен № 2 хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі профессор М.М. Тусупбекованың басшылығымен кафедра оқытушылары «Объективті ақиқат іздеу: Темекі шегу-миф пен шындық» және «Жастар арасында никотинге тәуелділік салдары» тақырыбында әңгіме жүргізіп , интерактивті материал ұсынды.

Никотинге тәуелділік дүние жүзінде таралған және заңдастырылған. Жасөспірімдер мен студенттердіңбасым көпшілігі никотинді тұтыну қәуіпті емес және никотинге тәуелділік – миф деп санайды. Іс- шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және никотин қолданудың зиянсыздығы туралы аңыздардың таралуына жол бермеу, өйткені , Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «"Қазақстан-2050 стратегиясы": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында - «салауатты өмір салты ұлт денсаулығының негізі» болып саналатындығын айтады.

Никотинге тәуелділіктің медициналық және әлеуметтік аспектілері, атап айтқанда, электрондық шылымның зиянсыздығы туралы миф қызу талқыланды. Әсіресе, никотиннің бас миындағы нейромедиаторлар мен гормондардың синтезіне кері әсері, никотин тәуелділігі қалыптасуының молекулалық негіздері, себептері мен бас тарту синдромы көріністері жайында сөз болды. Көпшілікке танымал никотин тәуелділігімен байланысты соматикалық және жүйелік аурулар анықталды.

Никотинге тәуелділіктің патологиялық-анатомиялық шешімі, патологиялық процестердің биохимиялық негіздері келтірілді. Темекі шегетіндердің психо - эмоцияналды және тән мүгедектенуі салдары дәлелденіп, никотиннің зиянсыздығы жайындағы аңыздар сейілді.

Жастар арасында никотинге тәуелділіктің кеңінен таралуы, сондай –ақ , олардың келешекте дүниеге ұрпақ әкелуіне кері әсері болатындығы мәселесіне баса назар аударылды. Бедеулік және канцерогенез қалыптасуы себептері белсенді талқыланды. Никотинге тәуелділікпен күресудің ең тиімді әдісі - ол «Жай ғана темекі шегуді бастамау!» деген ұсыныс айтылды.

Кеш студенттер үшін келешек ұрпақтың әлеуметтік және физикалық денсаулығы туралы ашық сұрақтармен аяқталды.

Биологиялық химия және № 2 хирургиялық аурулар және патологиялық анатомия кафедрасы сұхбатты ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін 5-098 ЖМ студенті Н. Үсеноваға алғыс білдіреді.

Мақаланы дайындаған биологиялық химия кафедрасының оқытушысы Д. В. Коробейникова

 


0
8815

пікірлер

пікір қалдыру үшін.