Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ пікірталасшыларының шынайы жеңісі.

ҚММУ пікірталасшыларының шынайы жеңісі.

15 Наурыз 2016

Студенттердің ептіліктері және білімдерінің шығармашылық өсуін қалыптастыратын әр түрлі турнирлар мен конкурстарды ұйымдастыру – Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім қызметінің маңызды бағыттарының бірі, тәрбие жұмысы секілді қызметтің жаңалыққа толы аспектісі.

6 наурызда Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған пікірталас турнирі болып өтті.

ІІМ академиясында турнир бірінші жыл өтіп отырған жоқ. Алдыңғы турнир бірнеше ай бұрын өткізіліп, студенттердің қызығушылығын тудырған болатын. Студенттер үшін пікірталастың тартымдылығы өзінің қарсыластарымен ойлау ептілігін қалыптастыру, көзқарастарын дәлелдеумен байланысты.

  Пікірталас студенттерге оқу орнын бітірген соң міндетті түрде қажет болатын қарым - қатынас дағдыларын игеріп, дамытуға мүмкіндік береді.

  Студенттерден құралған турирдің әділ-қазылары дайындығы өте жоғары  жеңімпаздарды анықтады: финалға шыққан барлық қатысушыларға естелік дипломдар ұсынылды.

  ІІМ академиясындағы турнир ҚММУ студенттерінің дайындықтары жоғары деңгейде екендігін тағы да дәлелдеді:

  III - орынға АП форматында Гофман Сабина (2-054 ЖМФ) мен Қасымов Азаматтан (1-004 Стом) құралған «Алиот» (орыс лигасы) командасы ие болды;

I - орынға және шынайы жеңіске АП форматында «Намыс» (қазақ лигасы) командасында біздің студенттеріміз Зарлықова Ұлжан (3-037 ЖМФ) және Асқаров Әділет (2-029 ЖМФ) жетті.

Сонымен қатар, біздің кәсіби төрешілеріміз де бағалаудан тыс қалған жоқ. Турнирді ұйымдастырушылар бір ауыздан «Үздік төреші» номинациясын: Жайбағысова Надира (2-001 Фарм) «Намыс» (қазақ лигасы)  пікірталас клубы және Фисенко Игорь (3-056 ЖМ) «INSIGHT» (орыс лигасы) пікірталас клубына ұсынуды шешті.

Студенттерімізді  құттықтай отырып, өмірде және оқуда одан әрі  жетістіктерге жетуді тілейміз!

  Фисенко Игорь (3-056 ЖМ)

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
8591

пікірлер

пікір қалдыру үшін.