Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гран-при ҚММУ-ға жол тартты

Гран-при ҚММУ-ға жол тартты

26 Ақпан 2016

19 ақпанда Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Қарағанды қаласының «Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі» ММ қолдауымен Оралхан Бөкей және Мұқағали Мақатаев атындағы XІІ  қалалық поэтикалық байқау болып өтті.

  Байқауға Қарағанды қаласының ЖОО студенттері, сонымен қатар, политехникалық колледждің оқушылары, барлығы 50 астам адам қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Жыр жауһар» авторлық-поэтикалық клубының мүшелері қатысты: Онбай Саламат (4-011 ЖМ), Смагұл Назгүл (4-047 ЖМ), Күміс Балжан  (2-051 ЖМ) және Жуатай Қуаныш (1-012 ЖМ).

Байқау 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар Оралхан Бөкейдің прозасынан үзінділерді оқи отырып, көркем оқу шеберліктерін көрсетті. Бірінші іріктеу кезеңінде 25 үздік қатысушы екінші кезеңге жіберіліп, көркем оқу шеберліктерін көрсетті. Студенттер қазақ поэзиясының классигі Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан ұнатқандарын жатқа оқыды.

  Екі байқаудың қорытындысы бойынша білікті әділ-қазылар қорытынды шығарды. Әділ қазылардың бір ауыздан қабылданған шешімімен, Оралхан Бөкей және Мұқағали Мақатаев атындағы XІІ  қалалық поэтикалық байқауының «Гран при» жүлдесі ҚММУ студенті Онбай Саламатқа бұйырды. Саламатты лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оған әрі қарай оқуда және өмірде жетістіктерге жетуді тілейміз.

  Поэтикалық кеш ешкімді бей-жай қалдырмады. Осындай мәдени акциялардың Қарағандыда өтуі жақсы дәстүрге айналып келеді, себебі, поэзия мен көркемсөзді сүюге баулу -  жастарға қажет іс-шара.

  Дана Садыхова

  «Жыр Жауһар» авторлық-поэтикалық клубының жетекшісі


0
9380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.