Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2015 жылдың «Үздік ғалымымен» кездесу.

2015 жылдың «Үздік ғалымымен» кездесу.

24 Ақпан 2016

19 ақпан күні «Самұрық» Студенттік Республикасы Ғылым Министрлігінің ҚММУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры Азизов Илья Сулеймановичпен «Студенттерді ғылым саласына жұмылдыру» тақырыбында кездесуі өтті. Қызықты сұхбаттасу кезінде ол ғылым саласындағы бастамалары, құрмет, әрі үлгі тұтатын ғалымдар, өзінің ғылыми зерттеулері жайлы айтып беріп, өміріндегі жағымды естеліктерімен бөлісті.

И. С. Азизов еліміздің ғылымының дамуына және клиникалық микробиологияны зерттеуге үлкен үлес қосты. Оның еңбектері лайықты бағаланды және  бүгінгі таңда 2015 жылдың  "Үздік ғалымы" атағының иегері болып табылады. И. С. Азизов – Клиникалық микробиология мен антимикробтық химиотерапия бойынша өңіраралық ассоциацияның (КМАХӨА), InternationalSocietyofInfectionDiseases (ISID), European Society of Clinical Microbiology and Infection Diseases, AmericanSocietyofMicrobiology мүшесі болып табылады.

Кездесу еркін, игілікті жағдайда өтті. Кездесу соңында Илья Сулейманович студенттермен естелік үшін суретке түсіп, жылы қабылдағандарына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде студенттер оны жеңісімен құттықтап, өте қызықты сұхбат үшін, оның пайдалылығы мен мазмұндылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.

Жастарменжұмыс жөніндегі бөлім


0
9471

пікірлер

пікір қалдыру үшін.