Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дін өкілдерімен кездесу

Дін өкілдерімен кездесу

19 Ақпан 2016

2016 жылдың 11 ақпан күні ҚММУ-да студенттердің дін өкілдерімен кездесуі өтті. Ақпараттық-насихат топ мүшелері: С.А.Құрманов – облыстық орталық мешіттің наиб-имамы, М.А.Патрикеев – «Шіркеу және қоғам» Епархиалдық бөлімшесінің жетекшісі, протоиерей, Р.А.Саматаев – «Қарағанды обласының конфессияаралық қатынастары мәселелерінің зерттеу және талдау орталығы» АНТ ақпараттық-насихат бөлімінің басшысы, А.Ө.Саухымов– ректор көмекшісі, С.А.Никифорова – ҚММУ діни экстремизмнің алдын алу бойынша комиссияның төрағасы қатысты.

Р.А.Саматаев 2013 – 2017 жылдарына жоспарланған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мемлекеттік жоспары туралы студенттерді ақпараттандырды. Дін өкілдері заманауи алауыздықтарға қарамастан әлем діндері терроризмге қарсы күресте бірге екендігін түсіндірді.

Студенттер қалаған сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды. Қонақтар студенттерді толығырақ ақпарат және ақыл-кеңес алу үшін өз мекемелеріне шақырды.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
9393

пікірлер

пікір қалдыру үшін.