Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Дәрігер-көшбасшы»

«Дәрігер-көшбасшы»

12 Ақпан 2016

27.01.2016 жылы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушылары жас ғалымдарға «Дәрігер – көсбасшы ретінде» атты корпоративтік тренинг өткізді. Тренингті кафедраның жас оқытушылары Мусабекова Асел Сериковна және Онайбаева Зарина Кайратовна өткізді. Бұл тренингтің мақсаты – жас ғалымдарға жұмыс барысындағы динамикалық үрдісте өзін-өзі іске асыру үшін көмек, сондай-ақ олардың көшбасшылық дағдыларын дамыту. Корпоративтік тренинг барысында оқытушылар теориялық материал және тәжірибелік жаттығуларды қолданды. Теориялық материал слайдтық таныстырылым түрінде ұсынылды және жақсы түсіну үшін бейнероликтер көрсетілді. Тәжірибелік жаттығулар жас ғалымдардың көсбасшылық қасиеттерін анықтауға көмектесті және көшбасшыға қандай маңызды қасиеттер қажет екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Сабақ аяқталғанда рефлексия кезеңінде әр қатысушы өткізілген жұмыс жайында өз пікірін және тренинг жайында оң көзқарасын білдірді.

Орталық басшысы ҚММУ ректорының атына әрі қарай ынтымақтастық тілектерімен алғыс хат жіберді. Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде «Ұйымдастырушылық міне-құлық» пәні бойынша оқытушылық тәжірибесі бар болғандықтан, Орталықпен осы бағытта жұмыс жүргізуді жоспарлайды.


0
10293

пікірлер

пікір қалдыру үшін.