Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күйзеліске қарсы тренинг

Күйзеліске қарсы тренинг

09 Ақпан 2016

27 ақпан күні Денсаулық мектебі жұмысы аясында ҚММУ емханасында «Күйзеліс. Күйзеліске тұрақтылық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке университетіміздің белсенділері атсалысты.

Тренинг барысында қатысушыларға күйзелісті жағдайларды қойып,  оның оң және теріс жағдайларын анықтауға мүмкіндік берілді. ҚММУ психологы Ксения Марченко қатысушыларға күйзеліс жағдайында метафоралық карталар көмегімен өздерінің ойларын, сезімдерін және іс-әрекеттерін сипаттауды ұсынды. Студенттер жұмысқа белсенді қатысып, күнделікті өмірде кездесетін күрделі күйзелістік жағдайларды талқылады. Сонымен қатар өздерінің реакцияларын бақылау үшін бірнеше күйзеліс жағдайларын келтірді.

Қорытындылай келе қатысушылар жұмыс барысында алған әсерлерімен бөлісіп, тренинг барысында қолайлы жағдай мен оң ахуалдың болғанын айтты. Және де К.Марченко мен ҚММУ басқармасына осындай кездесуді ұйымдастырғанына алғыстарын білдірді.

  Қайрберлин Дәулет

«Самұрық» студенттік республиканың

ақпарат және байланыс министрлігінің вице-министрі


0
9794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.