Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шетелде оқу.

Шетелде оқу.

02 Ақпан 2016

Медицина – ғылым емес, бұл - неке.

― Леонардо Монтенар

Біз, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері,  шетелде бір семестр бойы Барселона қаласындағы Менеджмент және Медицина мектебінде Ішкі аурулар, Акушерлік және Гинекология циклдары бойынша оқыдық. Ішкі аурулар мынаны қамтыды: Кардиология, Пульмонология, Гастроэнтерология, Ревматология, Эндокринология, Гематология, Инфекциялық аурулар, Нефрология. База арасында Сэнт Джоан де Реуш, Аурухана Asl (Витербо, Италия), Imagine Clinique (Испания, Барселона)  медициналық практика өттік. Сабақты Леонардо Энрике Ромеро Монтенар – радиолог, гинеколог, маммолог, Пол Родди-инфекционист, эпидемиолог, микробиолог, Хавьер Бореллас – кардиолог, нефролог сияқты танымал және жоғары білікті дәрігерлер мен ғалымдар өткізді.

"Сант Джоан дэ Реуш" Ауруханасы

Аурухана құшақ жайып қарсы алды, осы қазіргі заман технологиясымен жабдықталған.

Ең ғажайып кездестірген нәрселер - роботтар.Олардың басты жұмысы - тасымалдау. Балалар бөлімшесінің ішінде мектепке дейінгі және балалар-жасөспірімдер жасындағы, балалар психиатриясының бөлімі бар. Нәрестелерге арналған бөлім келесі секциялардан тұрады: нәрестелерге арналған терапияның жартылай қарқынды терапиясының секциясы, неонатология, педиатриялық невралгия, педиатриялық гастроэнтерология, педиатриялық  кардиология, педиатриялық нефрология, педиатриялық пульмонология,педиатриялық эндокринология, педиатриялық дерматология, балалар асханасы, балалар бөлігінің целиакияны емдеудің жұқпалы ауруларды зерттеу және емдеу бөлігі. Бөлім қабырғалары түрлі мультипликациялық кейіпкерлерге боялған. Сонда кіргенде біз өзімізді бір балабақшада тұрғандай сезетін болдық. Бұл атмосфера балаларға ауру туралы ұмытуға көмектеседі, осылайша, олар тез жазылып шығады және өздерін өте жайлы сезеді.Сонымен қатар, ойын бөлмесі бар, онда олар ойнайды, сурет салады, мультфильм  қарайды. 7-18   жастағы пациенттердің арнайы бөлмесі бар, онда олар  оқуға көшінен қалмай, мектеп бағдарламасын қабылдай алады. Сонымен қатар, сәбилердің тамақ сақтау камералары бар. Оның үстіне, аурухананың үлкен физиотерапиялық залы бар, емделушілер өздерін тез қалпына келтіру үшін осы  курстарын өтеді. Жаттықтырушылар оларға жаттығуларды дұрыс  жасаудың тәсілдерін көрсетеді.

ASl ауруханасы

Витербо ауруханасымен танысу салтанатты есіктен басталды. Жарқын жүзді штат, ыңғайлы атмосфера, нақтылық пен тәртіп. Халат киіп алған соң, сол арада хирургия атмосферасына жүгінесіз. Мұнда эмоция мен сезiмдерге орын жоқ. Тәжірибе, кәсіби құзыреттілік пен өзара түсіністік жоғары нәтижелерге қол жеткізу құралдары болып табылады.

Қазіргі заман медициналық техникасы, қазіргі талаптарға лайықты рентген, асқын дыбыстық және лазерлік құрылымдарды, сонымен қатар, қазіргі заманғы зертханалық қызметтер таң қалдырады. Адам ағзасын зерттеуге көмектесетін соңғы буын компьютерлык томография сканерлерi бар.

Операциялық бөлім - аурухананың жүрегі, ол өзекті жансыздандыру жабдығымен жабдықталған. Сонымен қатар жасанды респираторлар, жансыздандыру машиналары мен операция столы, ол жаңа заманға сай бірнеше функционалды хирургиялық лампалармен, хирургияның электр-құрылғыларымен және қазіргі заман микроскоптарымен жабдықталған. Жұмыс медициналық газдар: оттек, көмірқышқыл газы, қысаң ауа және вакуум жеткізілетін хирургиялық пультпен жүргізіледі. Бізге бөлмелерде қалайша тазалау iс-шараларын жүргізу керектігі туралы ақпарат берілді: таза ауаның ламинарлық ағысы операция бөлмесінде микроағзалардың таралмауына ұзақ уақытқа дейін жетуге көмек етедi.

“Imagine” клиникасы

Біздің семестрiдiң үлкен бөлігі  Iшкі Аурулары “Imagine” клиникасында  өттi, осында біз практикалық  және теоретикалық бiлiмдi  бүкіл клиниканың  дәрігерлерiнен алу мүмкіндіне қол жеткіздік, олар медицинаның әр саласында үлкен қуанышпен біз үшін көп жаңалықтармен таныстырды.  Радиологияның негізін қалаушылардың бірі атақты дәрігерлер және осы клиниканың негізін салушылары ағалы-інілілер - Мануэль және Рафаэль Сэльвадорлар, олар өздерінің білімiмен және тәжірибiмен бөлісуге дайын болды.

Қатерлі ісік XXI ғасырдың обасы болып табылады. Өкінішке қарай, статистика бойынша ғаламшарда әрбір 2-шi адамқатерлі ісіктен сақтандырылмаған жәнеәрбір 3-шi әйелде сүттің безінің қатерлі ісігiнiң дамуының мүмкіндігі бар. Түрлі патологиялық өзгерістердің уақытында басын ашу өмірлік маңызды болып табылады.

Маммография және рентгенология нюанстарын бізге ашқан Леонардо Монтанер бізге дәріс сабақтар оқыды. Ревматология және рентгенология сабақтарын Мануэл Сальвадор таныстырды. Ксавьер Бэреллас нефрология және кардиология сабақтарын, Инфекциялық және Эпидемиология сабақтарын Пол Родди оқыды.

4 курс студенттері:

Ералиева Умида

Карагонусова Гүлзана

Токтархан Ерлан

Магзумова Аида

Джафарова Камила

Барселона 2015-2016 жж


0
12900

пікірлер

пікір қалдыру үшін.