Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресей невропатологиясы резиденттер көзқарасымен.

Ресей невропатологиясы резиденттер көзқарасымен.

26 Қаңтар 2016


2015 жылдың 7 желтоқсанынан 27 желтоқсаны аралығында «Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында бірінші оқу жылының невропатология мамандығының резиденттері: С.Б. Бержаппарова, Ж. С. Нургалиева, Р.О. Тулеуов, А.П. Покрашенко «Орынбор мемлекеттік медицина университетінің» (ОрММУ) қабырғасында, дипломнан кейінгі білім беру факультетінде  «Неврология» циклын меңгерді. Оқу бағдарламасы өзекті мәселелерге бағытталған лекциялар, тәжірибелік талдау түрінде келесі оқу базаларында жүргізілді: Н.И. Пирогов атындағы қалалық клиникалық ауруханасы құрамындағы Біріншілік қантамыр орталығы, Облыстық клиникалық №2 ауруханасының және Соғыс ардагерлер орталығының неврология бөлімшесі.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бізді жылы және қонақжайлы қарсы алды, тақырыптар ауқымды және қызықты талқыланды. Келесі оқытушыларға  алғыс білдіреміз: кафедра меңгерушісі , профессор, м.ғ.д. В.В. Бурдаков, доцент, м.ғ.к. А.И. Сафронова, доцент, м.ғ.к. Е.В. Апрелев, доцент, м.ғ.к.  Н.В. Гумалатова, доцент, м.ғ.к.  Ю.С. Севастьянова.
Цикл соңында ішкі емтихан тапсыру барысында кафедра меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. В.В. Бурдаков резиденттердің жоғары деңгейдегі дайындығын атап өтіп, кафедра меңгерушісі, профессор М.Ғ. Абдрахманова,  алғысын білдірді, болашақта ЖОО арасында ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Сонымен қатар резиденттерге неврологиядан біліктілігін арттыру жөніндегі куәлік берілді.
Сондай-ақ бұл қаланың тарихын көне орталық көшесінде серуендеу барысында,  Орынбор тарихи әміршілігінің, Пушкин атындағы Орынбор мұражайларында зерттеп білу өте қызықты болды. Орынбор 272 жыл толған, тарихи ғимараттар мен ескерткіштерге бай, әдемі қала болып табылады. Осылайша, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бізге көрші елдің әріптестерімен байланыстарды орнатуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Біз Орынборда өткен уақытты жылу еске аламыз, сонымен қатар оқу орындар арасындағы ынтымақтастық нығая түсетініне үміт артамыз.




0
10264

пікірлер

пікір қалдыру үшін.