Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Резиденттердің академиялық ұтқырлығының бірінші тәжірибесі.

Резиденттердің академиялық ұтқырлығының бірінші тәжірибесі.

20 Қаңтар 2016

2015 жылдың 7-ші желтоқсаннан 22-ші желтоқсаны аралығында «Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында екінші оқу жылының акушер-гинекологиятар резиденттері «Алтай мемлекеттік медицина университетінің» (АММУ) қабырғасында «Гинекологиялық эндокринология» циклын меңгерді.

Оқыту кафедраның бірнеше базаларында өтті, оның ішінде: «Өлкелік перинатальды орталық», «№ 2 перзентхана», «Адам репродукциясы мен генетикасының Сібір институты» және «№4 қалалық аурухананың» гинекологиялық бөлімінде, «Өлкелік жедел жәрдем ауруханасы», онда қаланың әйелдер қауымына ургентті және жоспарлы гинекологиялық көмегі көрсетіледі. Білім алушылар ұйымның құрылымымен, нақты медициналық орталыққа бекітілген, халықтың негізгі контингентімен, эндокринологиялық патологиясы бар науқастарды жүргізу тәртібімен танысты.

Науқастың төсегіндегі клиникалық жағдайлармен берілген қызықты теориялық материалдарды ұсынған №1 және №2 Акушерлік және гинекология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын атап айтуға болады: доцент, м.ғ.к. Е.А.Маркова, доцент С.Д.Яворская, м.ғ.к. А.И.Гальченко, м.ғ.к. Г.В.Немцева, м.ғ.к. Е.С.Кравцова, м.ғ.к. Т.А.Болгова, м.ғ.к. Т.И.Горбачева, м.ғ.к. В.В.Востриков. Әйелдердің репродукция проблемалары, жүктілікті көтере алмаушылық, нейроэндокринді патологиялар кеңінен талқыланды. Екі апта ішінде резиденттер теориялық білімдерін лапаратомдық, лапароскоптық және гистероскопиялық операция жасау дағдыларымен бекітті.

Сонымен қатар тыңдаушыларға мәдени бағдарлама ұсынылды: Барнаул қаласында экскурция, АММУ-дың мұражайы мен тау-кен дәріханасымен танысты. Сондай-ақ  В.М. Шукшина атындағы театрда пьессасы және шаңғы тебу мейрамыда аса қызықты өтті. Осындай жылы қабылдау ұйымдастырғаны және тыңдаушылардың жақсы тәжірибе алуына жағадай жасағаны үшін оқу жұмыстары жөніндегі проректор И.Е.Бабушкинге үлкен алғыс айтамыз. 

Екі апталық тәжірибе алмасу жұмыстарын қорытындылау үшін АММУ ректоры м.ғ.д., профессор И.П.Салданов кездесу ұымдастырылды, циклды толық меңгергені үшін сертификаттар берілді. «Сіздердің Университеттеріңізбен ынтымақтастық жалғасын таба деп үміттенеміз, - деп атап өтті АММУ ректоры.  Бір-бірімізбен бөлісе алатын тәжірибебемен алмасу аумағын кеңейтеміз деген сенімдемін». 


0
10683

пікірлер

пікір қалдыру үшін.