Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Сен жалғыз емессін»

«Сен жалғыз емессін»

14 Қаңтар 2016

2013 жылдың 6 желтоқсанында "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы құрылды.  Бұл жоба Қазақстан Республикасының елбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы болды.

28.06.2014 жылы "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысының Бірініші Форумы Астана қаласында ҚазГЗУ ғимаратында басталды. Форум жұмысына республиканың барлық өңірлерінен түрлі мамандық делегаттары қатысты, соның ішінде біздің университет қызметкерлеріде болды. Іс-шараның басты мақсаты азаматтарды "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асыру ісінде шоғырландыру.

"Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы өз қызметін үш негізгі бағытта жүргізеді: Бірінші – қоғамды "Қазақстан - 2050" стратегиясының міндеттері мен идеологияларына, құндылықтарына тарту. Екінші - "Қазақстан - 2050" стратегиясының міндеттерін іске асыруға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу және ұсынымдардың тиімділігін арттыру. Үшінші - "Қазақстан - 2050" стратегиясының міндеттерін тиімді іске асырудың азаматтық мониторингін қамтамасыз ету, қозғалыстың міндеттері мен идеологиясын бөлісетін, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытын  қолдайтын және "Қазақстан - 2050" стратегиясында баяндалған мақсатқа жету үшін өзінің үлесін косқан әрбір қазақстан азаматы үшін ашық.

2015 жылдың желтоқсан айында ҚММУ базасында "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысының филиалы құрылды, оның төрағасы иммунология және аллергология кафедрасының ассистенті М.Р. Измайлович. Филиал құрамына біздің ЖОО-ның белсенділері кіреді.

"Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысын іске асыру үшін Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (ҚММУ) 4 жоба ұсынды. Бірінші –  «АИТВ – инфекциясының өзекті сұрақтары» әдебиетін басып шығуға дайындық. Екінші – «Ғылым мен болашақ ұрпақтың дамуына айтарлықтай үлес қосқан көрнекті ғалымдар, педагогтар, еңбек сіңірген қайраткерлердің атын мәңгі есте сақтау». Үшінші – «Тегін онлайн кеңес беру». Төртінші – «Сен жалғыз емессін».

Осы күнге дейін «Сен жалғыз емессін» жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты жетім балаларға ықпал ету және қызығушылығын арттыру, балалар үйлерінде және  мектеп-интернаттарда, қалада немесе өлкеде тұратын мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жеке тұлғаның креативтілігін қалыптастыру, патриоттық рухта тәрбиелеу және одан әрі қолдау арқылы студенттер-еріктілерді тарту болып табылады.

2015 жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды қаласында Облыстық балалар үйінде "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыста жалпы медицина стоматология факультеті мен иммунология және аллергология кафедрасының 2 - курс студенттері қатысты.

Бұл балаларға адамдардың махаббаты мен көңілі қажет. Бала өзің жақсы көретін және оған сенетін адамдардың барын білгенде ол жақсы болуға тырысады. Сондықтан балаға көңіл бөлу және жақсы көру өте маңызды.

Бұл жоба балалар үйінің жеткіншектерімен қарым - қатынас жасау, араласуды көздейді. Бұл жобаның арқасында кішкентай балалар өздеріңе тыс жерден дос табады және оның қабырғасынан бөлек орта өмірі туралы көпбірек білу мүмкіндігіне, өзінің қажеттілігін, топтың бір бөлігі ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде сезінеді. Балада жалпы барлығының емес, тек «өзінікі» деген ой пайда болады.

Жаңа жыл мерекесіне қарсы ҚММУ студенттері Аяз-Атаның, Ақшақардың және басқа да кейіпкерлердің қатысуымен жаңа жылдық мереке көрсетті. Ертегіні көрсету барысында балалар белсенді қатысты, шаршаны айналып және ертегі кейіпкерлерімен бірге биледі. Мерекелік шара соңында балалар тақпақ айтып, ән шырқады. Ал Аяз Ата оларға тәтті мен сыйлықтар сыйлады.

Мерекелік іс-шарадан соң ойын бөлмесінде студенттер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері ойын ойнады. Бұл шарада балалар мен студенттер бір-біріне көңілдері толып, студенттер тағы келетіндіктері туралы серт берді.

М.Р. Измайлович Иммунология және аллергология 

  кафедрасыныңассистенті


0
10139

пікірлер

пікір қалдыру үшін.