Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

08 Қаңтар 2016

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының университеттің ғылыми жұмысындағы алатын орны ерекше. Профессор Роза  Хасановна Бегайдарова 17жылдан астам уақыткафедраны басқарып келеді.Оның жетекшілігімен әр жылы 12 кандидаттық, 1 докторлықжәне 1 философиядокторы РhDдиссертациялары қорғалды.Кафедра оқытушыларытеориялық білімдерін тек студенттерді оқытуда ғана емес,университеттің ғылыми-зерттеу жұмысында да жемісті қолдануда. Жас мамандардың да белсенді қатысуына аса үлкен мән беріледі.

2012 жылы кафедра ҚР ҒБМ грантын «Созылмалы лямблиозбен ауыратын балалар мен ересектерді молекулалық-жасушалы деңгейде емдеудің жетілдірілген әдістерін әзірлеу» тақырыбы бойынша ұтып алды, ГР № 0112РК02818.Грант мерзімінің ұзақтығы (2012-2014 жылдар).

Зерттеу нәтижелері негізінде импакт-факторымен РИНЦ, ЖАК тізіміне енгізілген «Медицина және Экология» журналында 5 мақала,  Ресей Федерациясы журналдарында 7 мақала басылымнан шықты. SCOPUS Pubmed және ВИНИТИ РАН базаларына кіретін,MEDLINE журналында индекстелетін "Georgian Medical News журналында 2 мақала жарық  көрді. Scopus баспаларындағы мақалалар саны - 4,  Thomson Reutersда -4. Одан басқа Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі (Ресей, Өзбекстан), алыс шетелдердегі (Лондон, Ганновер, Мюнхен, Париж, Дубай, Сингапур) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында баяндамалар тезистері жарияланған. «Клинико-лабораторная диагностика и лечение лямблиоза на современном этапе» тақырыбында әдістемелік ұсыныстар басылып шықты (ҚР ДСМ медициналық білім және ғылым жаңашыл технологиялары Республикалық орталығында бекітілген)- 2012 жыл.

«Лямблиоздық инвазия кезіндегі ішек гуморальдық иммунитеті жағдайын диагностикалау тәсілі»  2014 жылы инновационды зияткерлік патент алынды.

ҚР ДС ӘДМ бекітілген және басып шығару жоспарланып отырған монография «Лямблиоздың заманауи клиникалық-эпидемиологиялық аспектілері,емдеу тәсілдерін жетілдіру»

Екінші оқу жылындағы магистрант Г.Е. Насакаеваның «Совершенствование способов терапии больных лямблиозом» тақырыбындағы жұмысы аяқталуға жақын, ол да лямблиозды отандық дәрі «Саусалинмен» емдеуге арналған.

Гранттық зерттеу нәтижелері, ҚР жоғарғы оқу орындары арасындағы ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша ҚММУ-ға бірінші үштікке енуіне ептігін тигізді.

Профессор Р.Х.Бегайдарова басқарған гранттық жұмыс нәтижелеріжас философия ғылымының докторы РhD  Е.А. Юхневичтың «Разработка новых подходов к этиотропной терапии лямблиоза» атты диссертациялық зерттеулерінің негізі болды және ол 2015 жылдың қазан айында қорғалды.

Доцент Ш.С. Калиева мен  профессор  Р.Х.Бегайдарова жетекшілік етуімен қорғалған РhD диссертациясы ҚР БҒМ  Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің шешімімен 10.12.2015 жылы бекітілді.

Бұл зерттеу Қарағанды мемлекеттік медицина университеті  аясындағы бірінші қанат қағыс болды және де Қазақстанның жоғарғы оқу орындары арасында университетімізге бірінші үштікке енуіне септігін тигізіп, университеттің дәрежелік пайызын жоғарылатты.

.


0
10734

пікірлер

пікір қалдыру үшін.