Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АКАДЕМИЯЛЫҚҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

АКАДЕМИЯЛЫҚҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

30 Желтоқсан 2015

БізҚазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері академиялықұтқырлық бағдарламасы бойынша ең үздік медициналық университеттердің бірі – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде білім алу бақытына ие болдық.

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында сабақ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында өтті.  Бәрімізге мәлім, 16 желтоқсанТәуелсіздік күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде алар орны ерекше мейрам.  Біз нағыз мерекелік кештің куәгері болдық. Қарағандыда ауа райының жайсыздығына қарамастан, сол күні нағыз, жарқыраған ашық күн болды. Кафедра меңгерушісі, РЖА академигі, профессор Р.Х. Бегайдарова бастаған балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ұжымы бізге бұл мерекені ерекше сыйлық ретінде тарту етті.

Ауада шаттық пен бақыт қоса қалықтап тұрғандай, Алматы ЖОО студенттері болсақ та, бізге осы сәт сондай ыстық көрінді. Концерттік бағдарламаға тарихи анықтамалар енгізілген, ол сонау жылдардағы желтоқсан оқиғаларын ұрпақ есіне түсіргендей. Еліміздің тәуелсіздігін алу мүмкіндігін өз қолдарымен жасағандарға деген шексіз алғысымызды жеткізу қандай қиын еді!

Сонымен қатар, халық күйлері мен қазақ билерінің орындалуы бізді тәнті етті – ешқашан өз халқыңның дәстүрі мен мәдениетін ұмытуға болмайды.

  ҚММУ бізді құшақ жая қарсы алғандығы жөнінде айтпау мүмкін емес. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы ұжымындағы профессор-оқытушылар құрамының біліктілігі мен әрбір студентке жеке тұлға ретінде қарай білу қасиеттерін айта кеткіміз келеді.

Ең бастысы олардың біздің әрқайсысымызға сенім ұялата білуі, әр оқытушының адам өміріне және өз мамандығына аса сүйіспеншілікпен және жоғары біліктілікпен қарауы бізді таңқалдырды.

Сонымен қоса, студенттерге теориялық білім беріп қана қоймай, науқастармен де тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік берулері біз үшін тосын жағдай болды - бұл болашақ дәрігерді оқыту үрдісінде аса маңызды мәселе.

Кафедра доценті Ю.Г. Стариковтың тәжірибелік сабақтарында біз үнемі клиникалық жағдаяттарды талдаумен, науқастарға курация жүргізумен қатар диагноз қоюға және емдеу жоспарын құрауға қатыстық – осылайша оқу материалдарын меңгеріп және клиникалық ойлау қабілетімізді шыңдадық.

Профессор Р.Х. Бегайдарованың, доценттер Ю.Г. Стариковтың және Х.Г. Девдарианидің ерекше дәрістері есімізде қалады – мысалы «дөңгелек үстел» және «дәріс-конференция», онда әр студент қызықты және өзекті мәліметтермен танысып қана қоймай, үрдіске белсенді түрде қатыса алады.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында өткен оқу кезеңінде қызықты әсер қалдырып қана қоймай, қомақты білім алу мүмкіндігін берді – көпшілігімізде осы кафедрадан кейін болашақ мамандығымызды дәл осы салада жалғастыру туралы ой қалды. 

ҚММУ балалар жұқпалы кафедрасының меңгерушісі, РЖА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары білікті дәрігер Бегайдарова Роза Хасановна, дәріске қатысқан барлық студенттерді дәрістік материалды қабылдауы бойынша тұлғалық типтерін анықтау үшін тесттілеу өткізді. Бізге тұлғаның қабылдау қабілеті бойынша типтік сипатын бағалауға болатын төрт түрлі түстің (көк, көгілдір, сары, қызғылт сары) біріне тән болуын анықтайтын психотест таратып берілді. Арнайы балдық жүйемен бағаланатын жағдаяттық сұрақтарға жауап беру қажет болды, ары қарай балдар санын есептеу арқылы белгілі бір түске жататын жеке мінездік тип анықталады. Студенттер арасында бұл тесттілеу қызығушылық танытты. Барлығы да өздерінің қандай типті тұлға екендігін білуге асықты, өйткені кез келген адамға өзін өзі танып білу өмірдің маңызды аспектісі болып табылады. Біз өз мінезіміз бен қабілетіміздің жаңа қырларын аша алдық. Сонымен, біз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Алматыдан келген Қазақстан-Ресей медицина университетінің төртінші курсының студенттер тобы: Ю.Н. Автухович,  Д.С. Бейсембеева, Е.М. Брюшинина, В.А. Бузинский,

К.А. Джаппаров, В.В. Титов – осы тест арқылы оқуда және өмірде бір-бірімізді терең ұғынып, түсіністік.

Біздің оқытушыларымыз  Р.Х. Бегайдарова, Ю.Г. Стариков және Х.Г. Девдариани, өздерінің дәрістерін тест нәтижелері бойынша біздің типтік қабылдау қабілетімізге сай ұйымдастырған. Шындығында, баяндалған мәліметтерді біз толықтай қабылдадық, бұл әдіс біздің университетте оқу барысында алғаш рет қолданылып отыр.

Профессор-оқытушылар құрамына қысқа мерзім ішінде бізге көрсеткен тәжірибесі, төзімі мен еңбегі үшін зор алғысымызды айта отырып, табыс, оптимизм, шабыттылық, өздеріне және жақындарына зор денсаулық тілейміз!

Көбінесе балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі әрбір қатысушыларға арнап Отан игілігі үшін талмай еңбек етіңдер деген жылы лебіздері мен қамқорлығын атап айтқымыз келеді.

Біз – Қазақстан жастары, салауатты және өркендеуші қоғамды құрушы негізіміз!

Ю.Н. Автухович,  Д.С. Бейсембеева, Е.М. Брюшинина, В.А. Бузинский, К.А. Джаппаров, В.В. Титов – Алматы қаласының Қазақстан-Ресей медициналық университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттері.


0
11610

пікірлер

пікір қалдыру үшін.