Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шымкент қаласындағы жеңіс

Шымкент қаласындағы жеңіс

28 Желтоқсан 2015

Желтоқсанның 9-10 аралығында Шымкент қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясында «Биология, медицина және фармация болашағы» жас ғалымдар  мен студенттердің Үшінші халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы. Өткізілген конференцияғы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасының медицина университеттерінің жас ғалымдары мен студенттері қатысты. ҚММУ намысын 2-4 курс студенттері қорғады: А.Иргебаева, А.Жауынбеков, К.Жанбосын, А.Маликайдар, Б.Ибраев, К.Кабдуллина, А.Серік, Э.Абдреев, Г.Айтмуратова, Г.Мурат, У.Орынказы, Д.Әзімбай, Г.Кожабек, С.Серікбаева.

Конференция екі бөлімнен құралды. Аталмыш конференцияның ашылу салтанатында ОҚМФА ректоры, профессор Б.Сексенбаев сөз сөйледі. Құттықтау сөз Р.М.Едигеева– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының өкіліне, А.Ж.Ахметова – Өмір туралы ғылымдар орталығының қызметкеріне, А.А.Нижников – Генетиктер мен селекционерлердің Вавилов қоғамының ғылыми хатшысына, Э.Т.Талайбекова – молекулярлы биология және медицина институтының ғылыми қызметкеріне берілді.

  Пленарлық мәжілісте Назарбаев Университетінің, Оңтүстік федералдық университетінің (Ростов – на – Дону), Молекулярлы биология және медицина институтының (Қырғызстан), Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің жас ғалымдары өз жұмыстарымен таныстырды. Пленарлы мәжілістен кейін барлық қатысушылар секциялық отырыстар бойынша бөлініп, докладтарын қорғады. Секциялар саны 10 жуық болды: теориялық медицина және биология; медициналық инновациялар: теориядан тәжірибиеге; ХХІ ғасырдағы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау; қазіргі заманғы қоғамның экологиялық мәселелері; биотехнолгия және нанотехнология: болашаққа көзқарас; дәрілер технологиясы; табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану болашағы; дәрілік заттардыңсапасын бақылау және химиялық – токсикологиялық талдауларының негізгі ғылыми бағыттары; тұрғындарды дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етуді  жетілдірудің инновациялық әдістері; фармакология, фармакотерапия және фармакологияның өзекті аспектілері. «медициналық инновациялар: теориядан тәжірибиеге» атты секцияда «Коммуникативті алаңы G-Global» жобасы бойынша қатысушылар мен профессорлар мемлекетіміздің университеттерімен және бірнеше мемлекеттермен тікелей байланыс орнатып, өзекті сұрақтарға жауап ала алды.

  Ғылыми конференцияның екінші күнінде де секциялық отырыстар жалғасын тапты. Жабылу салтанатында барлық студенттер мен жас ғалымдарға сертификаттар берілді. Сонымен қатар, ҚММУ студенттері Ғазиза Мұрат, Улжанай Орынказы, Гульжанат Кожабек «Ең үздік баяндама» деген сертификат пен мадақтамаға ие болды. Айман Серік «Білім, ғылым, инновация – жас ғалымдар үлесі» мадақтамасымен марапатталды.

  Жас ғалымдар мен студенттердің Үшінші халықаралық конференциясына қатысуға мүмкіндің берген  ҚММУ ректоры профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Күнсұлу Жанбосын

KazMSA бас хатшысы


0
12358

пікірлер

пікір қалдыру үшін.