Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мейрамы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мейрамы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

28 Желтоқсан 2015

Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мейрамы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 14 желтоқсан күні №1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Д.Ж. Тайжанованың 7- курстың тәлімгерлері З.К. Гусеинова, З.Б. Тауешеваның басқаруымен мамандығы «Жалпы медицина», «Ішкі аурулар» бағыты бойынша 7- курс интерндерінің күнімен осы атақты күнге арналған шара жүргізілді. Мерекелік концерттің басында кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Д.Ж. Тайжанова алғы сөзбен тағы да қатысушыларға осы оқиғаның Қазақстан Республикасының өзіне және әрбір  қазақстандыққа маңызды екенін ашып көрсетті.

  Мерекелік концерт барысында, интерндердің жаттаулары, билері, қойылымдары арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуының тарихи кезеңдері көрсетілді. Мерекелік концертті 7- курс мамандығы «Жалпы медицина» интерндері Р.Калиев және Д.Асанова басқарды. Концертте 7-030 топ интерні Н.Ережепова «Азаматтығым қалтамдағы - құжатым» жаттауын оқыды, 4- курс мамандығы «Жалпы медицина» студенті Ә.Әмірбекова «Желтоқсан желі» әнін орындады, 4-029 топ студенттері Н.Данбаева, Ә.Қонырбек, Т.Жақыпбекова, А.Токиналармен «Аққу» ұлттық биі биленді, Е.Ертайдың саксофонда ойнауымен «Yesterday» композициясы орындалды. Аскаров Мади домбырамен «Көңіл толқыны» күйін орындап Қазақстанның бүкіл әдемілігі және кең байтақтылығы көрсетілді.

  Мерекелік концерт барлық қатысушы 7- курс интерндерінің «Атамекен» әнін орындауымен аяқталды, сонымен қатар өзінің туған еліне, ата- бабаларының жеріне деген махаббатын, Тәуелсіз Қазақстан Республикасына деген өзінің мақтанышын көрсетті.

№1 ішкі аурулар кафедрасының «Жалпы медицина»

мамандығы бойынша 7- курс жетекшілері м.ғ.к.доцент и.о З.К. Гусеинова

 

№1 ішкі аурулар кафедрасының «Жалпы медицина»

мамандығы бойынша 7- курс жетекшілері м.ғ.к.ассистент З.Б.Тауешева 


0
10528

пікірлер

пікір қалдыру үшін.