Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

21 Желтоқсан 2015

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жайлы Конституциялық заң қабылданды. Қазақстанның Тәуелсіздік күні -
Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. Бұл күнді  мемлекет халқы жыл сайын 16 желтоқсанда тойлайды.

15.12.2015 жылы №2 ішкі аурулар және фтизиатрия кафедрасында таңертеңгілік конференция уақытында 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығының 6 курс интерн-терапевтермен ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті.

Мерекелік бағдарламаны жүргізуші 6-042 топтың интерн-терапевті В.Васильева Қазақстан Республикасының әнұранын орындалуынан және Қазақстан Республикасының Тәуелсіз қалыптасуына арналған бейнежазбадан бастады. Осы күннің маңыздылығын айта отырып кафедра доценттері А.Р. Алина, Н.В. Васильева қатысушыларға тілектерін білдірді. Интерндер мен студенттер «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы»  атты сайысына белсенді қатысты. Бағдарлама соңында 6 курс интерні В.Васильева өзінің «Желтоқсанның алғашқы күні» өлеңін оқыды.

Егеменді Қазақстанның тарихын үздік меңгерген қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.


0
10964

пікірлер

пікір қалдыру үшін.