Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЖИТС - таңдамайды. Біз таңдаймыз!

ЖИТС - таңдамайды. Біз таңдаймыз!

21 Желтоқсан 2015

"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне" орай 3 желтоқсанда Иммунология курсы мен дерматовенерология кафедрасы және Қазақстан Ұлттық Медицина Жастары Ассоциациясы мүшелері ұйымдастырған "ЖИТС - тыңдамайды. Біз таңдаймыз!" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Жалпы дөңгелек үстел 3 тілде болды. Дөңгелек үстеліміздің ең басты мақсаты ЖИТС-ті үш бағытта қарастыру:жасушалық деңгей, клиникалық деңгей, психологиялық көмек.

Дөңгелек үстелімізді Иммунология курсы мен дерматовенерология кафедрасы меңгерушісі, медицина ғылым докторы, профессор: Батпенова Гульнар Рыскелдіқызы ашты. Шарамыздың бас қонақтары: ЖИТС орталығының АИТВ бойынша Астана қаласының эпидемиялық бақылау бөлімінің меңгерушісі:Аймаганбетова Інжу Бекетовна , емдік-профилактикалық көмек бөлімнің меңгерушісі:Нұргожина Гульнар Серікқызы жане Астана Медицина Университетінің жастар ісі жөніндегі декан: Нұрмұханов Алтынбек Амангелдіұлы.
Өз баяндаларымен еліміздің медицина университеттері:С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің белсенді студенттері жиналды. Ең алғашқы жасушалық деңгейдегі баядаманы Астана Медицина Университетінің 3 курс студенті Жақсылық Берік "ЖИТС иммунопатогенезі" тақырыбында қорғады. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің студенттері: Совет Амина, Усенов Дамир, Розымова Жамиля, Кокишева Куляш, Кабдуллина Кымбат, Нурмулдина Мадина "ЖИТС-тің клиникалық аспектілері" тақырыбында қорғады. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенті Боранбаева Ақзира "АИТВ жукпасымен ауратын адамға ұсынылатын психикалық көмек" атты такырыбында қорғап шықты.

Астана Медицина Университетінің 1 курс студенті Еркінбек Аман "AIDS and clinical trials of HIV" атты баяндамасын ағылшын тілінде баяндады. Өзінің поэтикалық қасиетімен баршамыздың жанымызды тербеткен Астана Медицина Университетінің студенті Додай Абай "ЖИТС қорғаны" атты монолог оқыды. Әрбір баяндамадан кейін әр-түрлі сұрақтар қойылды, бұдан студенттердің білімін дамытуға деген құлшынысы байқалды. Мұғалімдер жане келген қонақтар өткізілген шарамызға студенттердің белсене қатысқандарын және 3 тілде еркін сөйлейтіндерін ескеріп, ризашылықтарын білдірді. Баяндама қорғаған студенттерге ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар ұсынылып, марапатталды.Келген қонақтар мен қатысқан студенттерге сертификаттар берілді.


0
11973

пікірлер

пікір қалдыру үшін.