Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күн

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күн

15 Желтоқсан 2015

2015 жылдың 7 желтоқсанында эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы №4 жатақханада жастар арасында АИВ – инфекциясының алдын алу бойынша тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты студенттерді өздерінің қаупін бағалауға, қауіпті жағдайлардан алыс болуға және өздері мен жақындарын қорғауға үйрету болды.

Тренингке жатақханада тұратын «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық – профилактикалық іс» мамандықтарының 1 – 3 курстарының 38 студенті қатысты. 

Тренингтің басында қатысушыларға АИВ – инфекциясының әлемдегі және біздің мемлекетіміздегі эпидемиологиялық жағдайы, инфекция көздері, таралу жолдары мен факторлары, сонымен қатар жұқтырудың алдын алу мен диагностика шаралары туралы фильм көрсетілді. Одан кейін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 – курс студенттері қазақ және орыс тілдерінде «Ғажайып алаң» ойынын откізді. Ойынның барысында қатысушылар аталғын инфекцияның пайда болу тарихы, АИВ – инфекциясының көздері, таралу жолдары, диагностика және алдын алу шаралары туралы білімдерін көрсете алды.

Тренингтің соңында студенттермен кері байланыс өткізілді. Қатысушылар дайындалған материалды меңгеріп, АИВ – инфекциясы туралы білімдерін жетілдіре алды. АИВ жұқтырудың алдын алу мақсатында барлық қалағандарға брошюралар, презервативтер, блокноттар мен дәптерлер таратылды.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


0
11049

пікірлер

пікір қалдыру үшін.