Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас журналистер мен блогерлердің алғашғы жиналысы

Жас журналистер мен блогерлердің алғашғы жиналысы

10 Желтоқсан 2015

26 қараша күні Қарағанды қалалық жастармен жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Достар Әлем» қонақ үй кешенінде жас журналистер мен блогерлердің алғашқы отырысы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты жас журналистер мен блогерлер, белсенді студенттер мен студенттік БАҚ өкілдері үшін ғана емес, сонымен қатар өз болашағын осы саламен байланыстыратын мектеп оқушылары үшін бірыңғай диалогтық платформасын құру болды.

Жиналысқа колледждер мен ЖОО-ның «Журналистика» мамандығы бойынша студенттері, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты. Біздің университеттің өкілдері ретінде, осы іс-шараға ҚММУ Байланыс және ақпарат министрлігінің мүшелері, сондай-ақ Оспанова Динара Толеуовна басқаратын журналистер қоғамдастығы қатысты.

Іс-шараның өзі бірнеше блоктан тұрды. Студенттерді тіркеуден соң ақпараттық жұмыстың өзекті мәселелерін талқылау үшін пленарлық отырыс болып өтті. Атап айтқанда, блогерлікке көшу мен баспа БАҚ өкілдерінің ғаламторға өтуі қозғалды және де «Ekaraganda» ақпарат және ойын-сауық порталының редакторы, «Выбирай» журналының тілшісі және «Новое телевидение» арнасының журналистері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Содан кейін жиналыс қатысушылары конференция бөлмесінде өтіп «Әлеуметтік желілерді дамыту және ілгерілету негіздері» тақырыбы бойынша мастер-класс тыңдады. Мастер-класс барысында көптеген кеңестер айтылып, болашақ кәсіби жолдың алғашқы кезінде жіберілетін қателіктер айтылды. Кездесу барысында студенттер арасында блогерлік желіні дамыту жоспары талқыланды.

Қысқа түскі үзілістен соң отырысты қорытындылау үшін «Медиа-ресурстарда жастар саясатының іске асырылуы: Өзекті мәселелері мен даму шаралары» тақырыбында диалогтық алаң жүргізілді.Талқылау барысында көптеген сұрақтар көтерілді: 21 ғасырдың журналист бейнесі, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен мектептердің өкілдері өз оқу орындарының қабырғасында жұмыс істейтін баспа құралдары жайлы айтып, өз тәжірибесімен бөлісіп, бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі дамыту мен жетілдіру үшін жаңа идеяларымен жиналыс қатысушыларымен бөлісті.

Іс-шараның соңында шығармашылық бастамасы мен өңірдің әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушылар Қарағанды қаласы әкімінің атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Д.Т.Оспанова

жалпы медицина және стоматология

факультетінің декан орынбасары

АскаровЕрболат

«Самұрық» студенттік республикасының

байланысжәнеақпаратминистрлігі


0
11249

пікірлер

пікір қалдыру үшін.