Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Журналистика – кәсіп пе немесе жан қалауы ма?

Журналистика – кәсіп пе немесе жан қалауы ма?

20 Қараша 2015

ҚММУ-да 5 қараша күні «Журналистика – кәсіп пе немесе жан қалауы ма?» атты кастинг өтті. Конкурстың ұйымдастырушысы «Ақжүніс» қыздар клубы мен «Самұрық» студенттер республикасы болды. Аталмыш конкурсы студенттер өздері қолға алғандықтан, университеттің студенттер қауымына сенім артатыны анық болды. Яғни студенттер өз ойынан конкурс ережесі мен жоспарын құрып, көрермендер мен қатысушыларға паш етті. Осыдан біз ҚММУ студенттері қатысушылар деңгейінен белсенді ұйымдастырушылар рөліне дейін өскенінің бір қырын көрдік. Осы конкурстың қандай деңгейде ұйыымдастырылып, конкурсқа қатысушылардың талантын бағалау тәуелсіз әділ қазылардан құрылған сарапшылар мойнына артылды. Сарапшыларымыз БАҚ қызметкерлері мен ҚММУ қызметкерлері болды. Олар: Жанбота Рахметуллаұлы – «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телеарна бағдарламасының жетекші редакторы, Азарова Надежда Георгиевна – ҚММУ Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі, Көбенова Құралай Жұмағалиевна – «Біздің радионың» редактор-жүргізушісі, Унгарбаева Айгүл Аманжоловна – жастармен жұмыс бойынша бөлімнің бастығы, Аубакирова Анар Амангелдиевна – медициналық білім беру бөлімінің оқытушысы, Наджарян Лилит Камоевна – медициналық білім беру бөлімінің маманы. Бірлесе әрекет етудің басты принципі – объективтілік және тәуелсіздік.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең – жеке бейнеролик көрсету; 2-кезең – өзін диктор ретінде көрсете білу, 3-кезең – эссе жазу. Әрбір кезең 10 балдық өлшеммен бағаланды, бағалаудағы бір қателігі – ол бағалаудың индикаторы болмағандығы. Осы мәселе конкурс барысында көрінді. Мысалы, қатысушылардың біреуі Мотохов Иван «Stand Up» дайындау барысында жоғары артистизм және кәсіби технологияны көрсетті, ал Кенесова Алуаның дикциясы өте жоғары бағаланды, тағы біреулер өздерін жақсы монтаждаушы, продюсер ретінде көрсете білді. Тәуелсіз сарапшылардың объективтілігін ҚММУ қоғаммен байланыс бойынша бөлім жетекшісі Н.Г. Азарова 2- кезеңде қатысушыларға берілген тапсырмалар қиындығы бірдей дәрежеде болмағанын анықтады. Қатысушыларға бейнеролик ұсынылып отырды, ал олар болса, көрсетілген роликке комментарий-баяндау жасау қажет еді. Бірақ роликте кинодан үзінді көрсетілу де кездесті. Н.Г. Азарованың ескертуі бойынша жағдай ескеріліп, түзетілді. Өткізілген іс-шара барысында «медицина университетінің студенттері оқудан басқа ештеңеге көңіл бөлмейді» деген ұстаным тіптен жоғалып кеткенін аңғардық.

Біздің байқауымыз бойынша, медицина студенттері өздерін журналистика мен шығармашылықта дарындылықтарын көрсете алды. Жарысқа қатысушылардың дайындықтары өте жоғары деңгейде екені іс-шараның соңында әділ қазылармен айтылды. Әрбір қатысушы спортта да, саясатта да өз дарынын айқын да, жан-жақты да таныта алды. Өткен байқаудың қорытындысы негізінде қатысушылардың барлығы да ҚММУ БАҚ жұмысына тартылатын болды. Алдыңғы уақытта барлық қатысушылар кәсіби түрде БАҚ дағдыларын үйреніп, ҚММУ ақпараттық кеңістігінде жұмыс істейтін болады. Осыған орай айтарымыз – ақпаратты теледидардан берудің өзі ақпараттық кеңестікте жұмыс істеу құралы болып саналады. Теледидардың көмегімен университетіміздің өзекті жаңалықтары мен іс-шаралары туралы ақпараттарды біз келешекте университет ішіне де, сыртына да еркін түрде таратуға мүмкін болатынына сенімдіміз. Сонымен бірге, бұрыс ақпараттандыру мәселесі де тоқтатылады деген ой жатыр.

Өткізілген шараға қатысқан студенттерге, сарапшылар мен көрермендерге үлкен алғысымызды айтамыз. Осы шыққан алғашқы мақаламызбен журналисттер қоғамының журналистика кезеңін аттаған қадамын ашық деп жариялауға рұқсат беріңіздер! Алдымызда қызмет барысында әлі де атқаратын жұмыстарымыз көп болмақ!

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

3 курс ЖМ  3-057 топ студенті Р. Майлыбаев


0
12222

пікірлер

пікір қалдыру үшін.