Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ҚММУ студенттерінің кездесуі

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ҚММУ студенттерінің кездесуі

12 Қазан 2015

2015 жылдың 2 қазанында ҚММУ бас ғимаратында №339 университетіміздің жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Қарағанды қ. ПОБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі участкелік инспекторлары Е.Е.Болысбаев  және Е.А.Искаковпен студенттердің кездесуі болып өтті.

Кездесудің мақсаты – оқитын жастар жағынан әртүрлі саладағы құқықбұзушылықтың алдын алу.  Отырғызылған көгалдарға залал келтіру және  жою, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, елді мекендерде және қала аумақтарында абаттандыру ережелерін бұзғандарға қандай жаза қолданылатындығын түсіндіру.

Студенттер мағлұматтар берілді:

1.  Жаңа технологиялардың көмегімен қылмыс уақыты және фактілерін анықтауға болады.

2. Елді мекендерде және қала территоряларында абаттандыру ережелерін бұзғандарға, сонымен қатар инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, отырғызылған көгалдарға залал келтіру және  жойғандарға залал келтіргендері үшін жеке тұлғаларға жиырмаға дейінгі көлемде айыппұл салынады – лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, орта және шағын кәсіпкерліктерге немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға жиырмадан қырыққа дейінгі көлемде – заңды тұлғаларға, ірі кәсіпкерлер субъектілері болып табылатындарға елуден жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

3.  Әкімшілік жазалаудан кейін жыл бойы қайта қайталанғаны үшін жеке тұлғаларға жиырмадан отызға дейін көлемде айыппұл салынады-, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, орта және шағын кәсіпкерліктерге немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатындарға отыздан елуге дейін көлемде -, заңды тұлғаларға, ірі кәсіпкерлер субъектілері болып табылатындарға жүзден үш айлық есепке дейінгі көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

«Самұрық» ақпараттық және байланыс министрлігінің хатшысы

Бақытжан Жаннұр


0
12840

пікірлер

пікір қалдыру үшін.