Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтой концерті!

Мерейтой концерті!

09 Қазан 2015

5 қазанда акт залында жастармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері және көркем-өнер үйірмелерімен дайындалғанҚарағанды мемлекеттік медицина университетінің 65 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Әсерлі концерт Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйін орындаудан басталды. «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің қатысушылары мінсіз нөмірлерді орындап көрермендердің пейіліне бөленді.  Олар орыс халқының билерін, әсерлі «Лезгинканы» және татар халқының композициясын орындады.

«Golden Step» би театрының ұжымы әсерлі «Ла Корриданы» көрсетті.

Үндістаннан келген студенттер, «Панджаби» тобы өз таланттарын көрсетіп қол шапалаққа ие болды. 

Патриоттық әндер, акапелла және заманауи композциялар орындалды. Сахнаға профессорлық-оқытушылар құрамының атынан Алма Джакеева «Земля Казахстана» әнін орындап шықты. Зал ду шапалақпен студенттік өнер жұлдыздары Нұрлыайым Байназар, Айдар Түлеев және Диана Бекмурзаева қарсы алды!

Концертті студенттер Саламат Онбай, Азима Скендирова және Shangay Ongmu үш тілде жүргізді. Жүргізушілер дарындылық, жақсы сөйлеу мәдениетін көрсетті.

Әрбір көрермен «Шашу» ретінде мерекенің бөлігін ұзақ естелікке алды.

Жастармен жұмыс бөлімі


0
13744

пікірлер

пікір қалдыру үшін.