Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мен сатылмаймын!

Мен сатылмаймын!

08 Қазан 2015

2015 жылдың 30 қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты «Еркін пікір» пікірталас клубының: «Қазіргі жағдайда жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру» атты отырысын өткізді. Клубтың отырысының басты мақсаты – жастар саясаты саласындағы мәселелерді талқылау және оқу орындарындағы жемқорлық мәселесін шешу үшін нақты механизмдерін ұсыну.

Клуб отырысында «Нұр Отан» партиялық қадағалау инспекторы М.М.Ажбаев, Қарағанды облысының жастар бастамашыл орталығы директоры А.А.Құрмансейітов, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің білім басшысы Д.Н.Самгұлов, ҚҚЭУ жанындағы экономикалық және құқықтық зерттеу институтының директоры Т.А.Ханов, ЖОО Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, жоғары оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан СҚжТЖ бастығы А.А.Унгарбаева, «Самрұқ» Студенттік Республикасының депутаттары Ж.М.Қуаныш, И.В.Фисенко, А.К.Садвакасова, «Намыс» және «Inside» дебат клубтарының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің білім басшысы Д.Н. Самгұлов қаламыздың әртүрлі сала қызметкерлері қатысқан «Мен сатылмаймын» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы видео-бейне ұсынып, осы сөздер әр мемлекеттік қызметкер немесе жеке тұланың өмірлік қағидасы болуы тиіс екенін айтты.

«Нұр Отан» партиялық қадағалау инспекторы Ажбаев Марат Мерешович студенттерді 2015-2016 жылдарға деген жемқорлыққа қарсы стратегиямен таныстырды. Сонымен қатар Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары «Таза сессия» акциясының жүргізілу барысы мен жемқорлыққа қарсы университет қабырғасында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында мәлімет берді. Қатысушылар осы саладағы өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды.

Кездесу өте жемісті өтті және қатысушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға көмектесті.

Ж.Ж.Қуаныш

«Самұрық» Студенттік Республика депутаты


0
13403

пікірлер

пікір қалдыру үшін.