Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шығыс Памирға халықаралық ғылыми экспедиция

Шығыс Памирға халықаралық ғылыми экспедиция

23 Қыркүйек 2015

  26.07.15-23.08.15ж аралығында  Абуали ибн Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің  ұйымдастыруымен Шығыс Памирда (Мургаб ауылы, ұзындығы 3660 м т.деңг.)  өткізілген халықаралық ғылыми экспедициясына Қазақстан, Тәжікстан және Ресей медицина  ЖОО-ның өкілдері қатысты. Экспедицияны м.ғ.д., профессор, ТММУ-ң қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Ф.А. Шукуров басқарды.

  Экспедиция мүшелері: Ресей Федерациясының техника және ғылымының құрметті қызметкері м.ғ.д., профессор А.В. Гулин, м.ғ.к., профессор М.Г. Гулямов атындағы  психиатрия және наркология кафедрасының доценті, ТММУ-і ОҒЗЛ-ң  директоры  М.А. Хидиров, м.ғ.к., Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің (Қазақстан) физиология кафедрасының доценті Е.Ю. Салихова.

  Мургаб ауылында 300-ден астам жоғары таулы аймақ тұрғындары экспедиция қатысушыларымен қаралды, олардың арасында  әртүрлі мерзімдегі жүкті әйелдерде болды. Қаралу емханада және үй жағдайында да жүргізілді. Жүрек – қан тамыр, автономды нерв жүйелерінің  функционалды қалпын, денсаулық деңгейін, ағзаның реттеуші жүйесінің қысымдық дәрежесін анықтады. Жоғары таулы аймақ тұрғылықты тұрғындарының тістері мен ауыз қуысы жағдайы қаралды. Барлық тексерулер «Психотест» кешенін қолданумен тұлғаның құрылымын, қобалжу дәрежесін, экстра-интраверсия айқындылығын, жүйкелік үрдістердің тұрақтылығын анықтаумен психофизиологиялық тестілеуден өтті.

Тексеруді ұйымдастыруда Мургаб ауылы  аудандық ауруханасының бас дәрігері Хуросаниев Хуросани Султоналиұлы үлкен көмек көрсетті.  Белсенді іс-шараларды атқаруға емхана меңгерушісі Саид Мансурұлы, Ош медицина университеті мен Қырғыз медицина академиясының, ТММУ түлектері, жас дәрігерлері қатысты. Экпедиция мүшелері жоғары таулы аймақтың қатал тұрмыс және жұмыс жағдайымен танысты.

  Хорог қаласында (Таулы- Бадахшан автономды облысының астанасы, биіктігі 2000 м теңіз деңг.) есірткіге тәуелді тұрғындар тексерілді. Экспедиция мүшелері Назаршоев атындағы Хорог мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б. Джонмамадовпен кездесті. Бұрынғы Совет Одағының президенттері отырған тас үстелі  бар ботаникалық бақшада, ұлы тәжік-парсы ақыны Носири Хосравтың ескерткішінде болып, Памирлық үйлердің архитекторлық ерекшелігі  мен  өмір жағдайымен танысып, көріп  қайтты.

  Ғылыми экспедиция мүшелері «Гармчашма», «Бибифотима-Зухра» және «Авч» медицинада үлкен орны бар емдік қорларда болып қайтты. «Авч» минералды су қорының бірегейлігі ерекше қызықтырды, бұл жағдай экспедиция мүшелерін, «Авч» курортында өтетін және зерттеу нәтижелерін ары қарай жүзеге асырылатын ТР ДМ тұтас ғылыми бағдарларды жасау ұсынысымен Тәжікстан Республикасының медициналық ғылым академиясына жүгінуіне негіз болды.

  Қазіргі таңда Памирде жүргізілген ғылыми зерттеулер қорытындысы  қайта қаралып жатыр және жақын арада жариялауға ұсынылмақ.

  Эспедиция мүшелері ТММУ м.ғ.д, профессоры Курбанов Убайдулло Абдуллаұлына және ҚММУ м.ғ.д., профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына жүргізілген экспедицияға демеу көрсеткені үшін үлкен алғысын білдіруде.

  ТММУ ректораты Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына тау аймағы  гипоксиясының адам ағзасына әсеріне байланысты Шығыс Памир ғылыми  эскпедициясына қатысқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.


0
14801

пікірлер

пікір қалдыру үшін.