Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
IFMSA Тамыз Бас Ассамблеясы

IFMSA Тамыз Бас Ассамблеясы

11 Қыркүйек 2015

Халықаралық медицина студенттерінің қауымдастықтар федерациясының жалпы ассамблеясының 64 тамыз кездесуі 3-9 тамыз аралығында туристтік әсем қала, Охридте (Македония) өтті. Әлемнің түпкір - түпкірінен 100 аса елден 750 медицина студенттері IFMSA- дің 64 тамыз кездесуінде жиналды. Қазақстаннан 3 делегат қатысты- Қымбат Қабдуллина (ҚММУ, 4 курс), Ғазиза Мұрат (ҚММУ, 3 курс) және Айбар Темірбекұлы (НУ, 4 курс). 

Бір апта бойы делегаттар медициналық білім, қоғамдық денсаулық сақтау, сексуалды және репродуктивті денсаулық сақтау, кәсіби алмасу, ғылыми зерттеу және алмасу, адам құқығын және бірлігін қорғау тұрақты комитеттерінің сессиялары, сонымен қатар ұсыныстар мен шағымдар қаралатын пленарлы жиындар, әртүрлі біріккен тренингтер, тақырыптық кештер және іс-шаралар, идеялар мен тапсырымдар жәрмеңкесі өтті.

Халықаралық медицина студенттерінің қауымдастықтар федерациясы (IFMSA) барлық медицина студенттерін біріктіріп, жергілікті және жаһандық дәрежеде денсаулық мәселелерін қолға алу, жаһандық денсаулық сақтау үшін бүкіл әлемді қамтып отыр. 1951 жылы құрылған федерацияға бүгінгі күні құрамына 1,3 млн. медицина студенттерінен тұратын 129 ұлттық ұйым- мүшелері кіреді. Қазәқ бұл халықаралық федерацияға 2014 жылдан бері толыққанды құқыққа кандидаттық мүше ретінде тіркелген. Федерация ережесіне сай жаңа ұлттық ұйымдар 3 жыл ішінде өзінің белсенді жұмысын көрсетіп, содан кейін ғана толыққанды мүше бола алады.

Федерация осындай жалпы ассамблея кездесулерін жылына 2 рет өткізеді: наурыз кездесуі және тамыз кездесуі. Тамыз кездесуінің негізгі мақсаты бүкіл әлем бойынша студенттер алмасуы туралы келісімшарттарға қол қою болып табылады. Осы жылғы тамыз кездесуі "Медицина жұмыскерлерінің миграциясы" тақырыбында өтті.

KazMSA Қазақстанда медицинаның әрі қарай дамуына септігін тигізетіні анық. Осыған байланысты Қазақстанның барлық медицина студенттерін шетте қалмай, KazMSA құрамына кіруге шақырамыз.

Қымбат Кабдуллина 4-005 ЖМ

Ғазиза Мұрат 3-019 ЖМ


0
15201

пікірлер

пікір қалдыру үшін.