Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Самарқандқа академиялық ұтқырлық бойынша сапар

Самарқандқа академиялық ұтқырлық бойынша сапар

09 Қыркүйек 2015

2013  жылдың 4 ақпанынан Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Самарқанд мемлекеттік медицина институты арасындағы ынтымақтастық меморандумына сәйкес жалпы медицина және стоматология факультетінің студенттері 03.06.15-04.07.15 аралығында «Дәрігер-ординатордың көмекшісі» және «Стоматолог-дәрігердің көмекшісі» бағдарламасы бойынша Самарқанд қаласының СамМИ ауруханаларында өндірістік тәжірибені өткізді.

Өндірістік тәжірибені өту барысында студенттер таңғы конференцияларға және дәрігерлермен науқастарды таңертеңгі шолуына қатысты. Өз бетімен науқастарға жетекшілік жүргізді, сонымен бірге таңу және жараларды тазалау сияқты процедураларды өткізді. Хирургия және акушерлік-гинекология кафедраларында әр түрлі оталарға ассистент болды және босану залдарында өз септігін тигізді. «Емдеу ісі» факультеттінің деканы Мавлянов Ш.Х. арқасында студенттер СамМИ Республикалық ауруханасына барып, терапия №2, хирургия №2, акушерлік және гинекология, балалар аурулары бөлімшелерінде, сонымен бірге Шодикулова Г.З. басшылығымен қалалық аурухананың терапия №1 және хирургия №1 бөлімшелерінде өндірістік тәжірибені өткізді. Профессор Д.О.Атакулов басшылығымен студенттер балалар хирургиясының ғылыми орталығында өндірістік тәжірибені өткізді. Тәжірибеге жауапты жетекшісінің әрқайсысы студенттерді жылы лебізбен қарсы алып, кафедра тарихымен таныстырып, бөлімшелермен таныстыру жұмысын жүргізді.

Терапия кафедрасында студенттер науқастарға жетекшілік жүргізіп, диагноз қою және емдеу жоспарын құрастыруда белсенді қатысты.

Хирургия кафедрасында студенттерге түрлі оталарда ассистент болуға мүмкіндік берілді. Мысалы, Авазханов Дастан өт қапшығынан тастарды алып тастау отасында ассистент болды.

Акушерлік және гинекология кафедрасында өз болашағын осы мамандықпен байланыстырғысы келетін Сулейменов Мадияр, Ахмедова Юлдуз, Абедчанова Алия сияқты студенттер босануда және кесарь тілігі оталарына қатысып, гинекология бөлімшесінде науқастарды қарау және түрлі медициналық манипуляцияларды жүргізді. Студенттер атынан СамМИ-дің РРР Р  ррр Республикалық ауруханасының акушерлік кафедрасының меңгерушісі Сабирова Сайоре Эргашовна және акушер-гинеколог Мамарасулов Джамшид дәрігеріне қолдау көрсетіп, тәжірибелік дағдыларды меңгеруіне жәрдемдескені үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Тәжірибеден бос уақытта бізге көрікті және киелі жерлер бойынша экскурсия жүргізілді. Олар: Гур-Эмир мазары, Регистан алаңы, Ұлықбек медресесі мен обсерваториясы, Шахи-Зинда мазарларының ансамблі, Аль-Бухари имамының базары, Ходжи Дониордың мазары мен т.б. Сонымен бірге экскурсия барысына музейлерге бару (соның ішінде – Самарқанд негізінің «Афросиаб» тарихи музейі) Эль-Мероси театры мен өте дәмді әзірленген ұлттық тағаммен сый көрсеткен палау орталығында қонақта болдық.

Самарқандта өткен тәжірибе әрқайсысымызға университет басшылығының жылы лебізді қонақжайлығы арқасында жағымды әсер қалдырды. Осындай қысқа уақыт аралығында бізге бар жанын сала еңбек сіңіргені үшін, тәжірибе мен шыдамдылық үшін ұстаздар ұйымына және берілген мүмкіндік үшін біздің ЖОО басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Сулейменов Мадияр

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

СӨӨБК ақпараттық секторы


0
16236

пікірлер

пікір қалдыру үшін.