Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Қос жеңіс!

14 Мамыр 2015

  Сәуірдің 19-нан 25 – не дейін Астананың «Конгресс Холлында», «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпанияның қолдауымен республикалық лига ширек финалының «Жайдарман» КТК ойыны өтті. Ойынға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 15 команда қатысты. Біздің қаламызды дәстүрлі түрде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Күлкі терапиясы» командасының ойыншылары таныстырды.

Барлық 15 ширек финалға шыққандар 5 командадан 3 топқа бөлінді. Біздің топта «Күлкі терапиясымен» қоса басқа топтар да ойнады: «Сырдария құрамасы» (Шымкент қ.), «Шу-чу» (Шу қ.), «Сағыз» (Қызылорда қ.) және «Жаснар» (Алматы қ.).

  Ойынның өзі төрт кезеңнен тұрды: 1) Таныстыру, 2) Бес жаңалық, 3) Музыкалық конкурс және 4) Үй жұмысы. Ойын қорытындысы бойынша келесі турға ең мықты командалар өтті, оның ішінде «Күлкі терапиясы» да бар.

 

Финалдың ширек ойыны аяқталмай жатып, біздің балаларға қайтадан жолға шығуға тура келді. 28 сәуірде Сәтбаев қаласында «Нұр Отан» ХДП қолдауымен облыстық фестивалі «Жайдарман» КТК болып өтті, ойынға әртүрлі аймақтардан 8 команда қатысты. Екінші жыл қатарынан фестивальдың жеңімпазы  «Күлкі терапиясы» командасы болып табылды.

  Біздің балаларымызды қос жеңісімен құттықтаймыз, сонымен қатар «Жайдарман» республикалық жоғары лига ойындарында сәттілік тілейміз.

  Н.Хусанов(4-001 ПМ,Б және Ф).


0
17576

пікірлер

пікір қалдыру үшін.