Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Биология» пәні бойынша қалалық олимпиада

«Биология» пәні бойынша қалалық олимпиада

15 Сәуір 2015

31.03.2015 жылы университеттің «ҚММУ-65 жыл» мерейтойы шеңберінде Қарағанды қаласының орта білімді мектептер, гимназия және лицей оқушылары үшін «Биология» бойынша қалалық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада КММ №5 ОБМ және ресурс орталығымен бірге ұйымдастырылды. «Биология» бойынша олимпиаданы өткізу үшін «Молекулярлық биология және медициналық генетика» кафедрасының оқытушылары «ботаника», «жалпы биология», «цитология», «даму биологиясы» және «генетика» тарауларынан құралған 10 нұсқалық тапсырма дайындады, әрбір нұсқа 25 сұрақтан және логикалық ойлауды дамыту үшін 3 тапсырмадан тұрады.

Қарағанды қаласының 43 мектебінен 180 оқушы тіркелді, соның ішінде 100 орыс тілінде және 80 қазақ тілінде оқитын оқушылар. Олимпиаданың ашылу салтанатына КММ №5 ОБМ және ресурс орталығының директоры Басира Казбековна Утемуратова, ҚММУ оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Молотов-Лучанский Вилен Борисович, «Молекулярлық биология және медициналық генетика» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Култанов Берик Жукенович, «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің декан орынбасары Елубаева Марал Куандыковна, «Профилактикалық медицина, биология және фармация» факультетінің декан орынбасары Омарова Айнур Құралбековна қатысты.

Қалалық олимпиада 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде оқушылар тест тапсырмаларын орындады, екінші кезеңде биологиялық зерттеулер бойынша мастер-класс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде олимпиада қорытындылары жарияланды. Биология бойынша үздік білімді № 38 гимназияның 11сынып оқушысы Ганиолла Айза Шингисовна және № 92 гимназияның 11 сынып оқушысы Абильдинова Эльмира Алиевна көрсетті. Комиссия шешімі бойынша олар жеңімпаз атанып, 1 дәрежелі димпломмен марапатталды.

2 дәрежелі дипломмен Жуманбаев Санжар Муратович (№ 30 ОМ, 11 сынып) және Айнабек Айғаным (№ 39 гимназия, 11 сынып) марапатталды.

3 дәрежелі дипломмен Пен Марина Юрьевна (№ 38 гимназия) және Бүркітбай Мерей Әрленұлы (№ 18 ОМ) марапатталды. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

Жоғары балл жинамаған оқушыларға олимпиадаға белсене қатысқандары үшін мақтау қағазы берілді.

Қалалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.


0
19905

пікірлер

пікір қалдыру үшін.