Сертификаттау курсы
Мамандық бейіні шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны. Курс аяқталғаннан кейін медицина қызметкерлеріне маман сертификатын растау немесе жаңа мамандандыруды игеру үшін маман игерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы бар куәлік (транскрипт) беріледі.
1 - Сертификаттау курсында оқуға 5 жыл және одан да көп жұмыс өтілі бар интернатура түлектері жіберіледі.
2 – «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» дайындау бағыты.
3 - Бейінаралық мамандану үшін сертификаттау курсында оқуға резидентурада оқымаған, 2014 жылдан кейінгі интернатура түлектерін қоспағанда, жоғары медициналық білімі бар қызметкерлер жіберіледі.
4 - Медициналық ұйымдардың өтінімдеріне байланысты сертификаттау курстарын, біліктілікті арттыру циклдарын өткізу мерзімдері өзгертілуі мүмкін.