Қызметкерлер

Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы: Профессор (ҚР БҒМ ЖАК)
- 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген.
- 1976 жылдан тәжірибеден өтуші-зерттеуші, 1978 жылдан гистология кафедрасының ассистенті.
- 1981 жылы Новосібір медицина институты жанындағы диссертациялық кеңесте «Эксперименттік гипокинезия кезінде тыныс алу бұлшық еттерінің нерв-бұлшық ет аппаратының морфологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
- 1981 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды (КСРО ЖАК).
- 1985 жылдан бастап ҚММИ гистология кафедрасының доценті.
- 1997 жылы «Этанолмен антенаталдық улану кезінде жүрек бұлшық етінің эмбрионалдық және ерте постнатальдық гистогенезі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
- 1998 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді (ҚР КМ жанындағы ЖАК).
- 1999 жылы ҚММА гистология кафедрасының профессоры лауазымына ауыстырылды.
- 2003 жылы профессор ғылыми атағы берілді (ҚР БҒМ ЖАК).
- 2004-2006 жылдары «Фемида» заң академиясының ӘГ және ЖҒП кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді.
- 2006-2014 жылдары ХБА МК кафедрасында профессор болып жұмыс істеді.
- 2006-2014 жылдары Халықаралық бизнес академиясының мәдениетаралық коммуникациялар кафедрасында профессор болып жұмыс істеді.
- 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін КЕАҚ "ҚМУ" морфология кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.
- 1 ғылыми монографияның, «Эмбриология және жалпы гистология» бойынша дәрістер дайындған, жоғары оқу орындарына 2 оқу құралын дайындаған және 100 мақаланың авторы.
- Авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар.
Ғылыми қызығушылықтар:
Гипокинезия кезінде қаңқа бұлшықеттерінің, жүйке-бұлшықет аппаратының морфологиясы; антенатальды этанолмен улану кезінде жүрек бұлшықетінің эмбриональды және постнатальды гистогенезі, фетальды алкоголь синдромы, оны түзету мүмкіндіктері.
|
Тақырыптың атауы |
Жобадағы рөлі (жетекші немесе орындаушы) |
Жобаны іске асыру мерзімдер |
Тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі |
|
«Гармин гидрохлориді» препаратының созылмалы уыттылығын зерттеу (морфология) |
Жауапты орындаушы |
2016 |
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ |
|
«Оксим пиностробин» препаратының гепатопротекторлық белсенділігін зерттеу (морфология) |
Жауапты орындаушы |
2017 |
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ |
|
«Тополин мен ромашка сығындысы бар стоматологиялық гель» препаратының созылмалы токсикалық зерттеуі (морфология) |
Жауапты орындаушы |
2017 |
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ |
|
"Арглабин, табл. 50,0" препаратының созылмалы токсикологиясын зерттеу (морфология) |
Жауапты орындаушы |
2018 |
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ |
|
Марапаттың атауы |
Марапаттаған ұйым |
Марапатталған жыл |
|
П.М.Поспелов атындағы медаль «ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін» |
Қарағанды медицина университеті |
2015 |
|
«Денсаулық сақтау үздігі» |
ҚР ДСМ |
2023 |