Қызметкерлер

Фотография Жанабаева Сымбат Умирзаковна
Жанабаева Сымбат Умирзаковна

Ғылыми дәрежесі: Денсаулық сақтау магистрі

Лауазымы: Ассистент профессора

  • Жоғары білімді, 1994 жылы ҚММИ-ды емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.
  • 1994 жылдан 1997 жылға дейін ҚММИ акушерия және гинекология кафедрасында «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыған.
  • Еңбек жолын 1998 жылдан бастап ҚММА акушерия және гинекология кафедрасында бастаған. Қазіргі уақытта акушерия, гинекология және перинатология кафедрасының ассистент профессоры қызметін атқарады. Қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша денсаулық сақтау магистрі, жоғары біліктілік санатты акушер-гинеколог дәрігер, Қарағанды облысының акушер-гинекологтар қауымдастығының мүшесі, медицина қызметкерлері кәсіподағының мүшесі, ҚМПА мүшесі.
  • 09.12.2004 ж. Ұлттық мереке – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай алғыс жарияланды.
  • 13.09.2006 ж. – денсаулық сақтау және білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
  • 2013 ж. – «КГМУ мамандығы бойынша үздік» байқауының қорытындысы бойынша «КГМУ-дің ең үздік акушер-гинеколог дәрігері» номинациясында дипломмен марапатталды.
  • 2017 ж. – «Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласындағы мінсіз адал еңбегі, саланың дамуына қосқан жеке үлесі және Медицина қызметкері күніне байланысты» марапатталады. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  • 2022 ж. – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.