Қызметкерлер
Шапатова Гульмира Букейханқызы
- 1991 жылдан бері морфология кафедрасында жұмыс істейді, педагогикалық қызметте 33 жылдық еңбек өтілі бар.
- Гүлмира Бөкейханқызы студенттер мен әріптестер арасында үлкен бедел мен құрметке ие.
- «Қоршаған ортамен алмасу. Зәр шығару жүйесі. Метаболизм және энергия» модулінің координаторы болып табылады.
- Білімін үнемі жетілдіріп, оқу процесінде инновациялық компьютерлік бағдарламаларды толық көлемде пайдаланады: Primal 3 D Interactive Series.Complete Human Anatomy. Student Edition. Primal 3 D Interactive Series: Hand, Shoulder, Knee, Hip, Foot and Ankle, Spine.
- Bar-дың «Адамның жүйке жүйесі», Anatomedia (Generalanatomy), Head, Neck, Upper limb, Thorax, Abdomen, Back, Pelvis, Lower limb бағдарламаларын, анатомиялық жүйелер мен органдар моделдерін қолданады, интерактивті сабақтар өткізеді, оқу топтарында TBL оқыту технологияларын тұрақты түрде қолданады.
- «Есту және тепе-теңдік сақтау мүшелерінің анатомиясы мен гистологиясы» тақырыбында қазақ тілінде ашық интеграциялық тәжірибелік сабақ өткізген.
- Республикалық және халықаралық журналдарда мақалалары жарияланған.
- 2007-2008 оқу жылында жас зерттеушілердің қалалық және облыстық мектептерінің ғылыми жұмыстарын республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда сарапшы ретінде бағалаған. Шапатова Гүлмира Бөкейханқызының біліктілігін арттыру сертификаттары мен куәліктері бар.
- 2013 жылы ҚММУ баспасында қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде морфофизиология бойынша «Медициналық терминологиялық сөздік», Алматы қаласындағы «Эверо» баспасында «Жүректің анатомиялық құрылысын оқуға арналған әдістемелік құрал» оқу құралы жарық көрген.
- 2013-2014 оқу жылында «Темпус» жобасында адаптер және тьютор ретінде қатысып, «Тимур Мурзалин», «Георгий Марков» кейстерін бейімдеген.
- 2015-2016 оқу жылында 2 курс студенттерімен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интеграциялық олимпиаданы гистология кафедрасымен бірлесіп, 1 курс қазақ бөлімі студенттерімен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дөңгелек үстел өткізген.
- 2018-2019 оқу жылында 1 курс «Жалпы медицина» мамандығы студенттерімен «Анатомия білгірлері» квест-ойынын ұйымдастырған.
- 2017 жылы Шапатова Г.Б. жетекшілігімен қазақ бөлімі 1 курс студенті Құралбаева П. «Стоматология» мамандығы бойынша Будва қаласында өткен халықаралық конференцияда «Anatomiya in Kazakh» тақырыбында баяндама жасап, оң баға алған, 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен конференцияда 2 орын алған.
- Оқу құралдарының авторы: «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін қазақ және орыс тілдерінде «Анатомия дәрістер курсы».
- 2023 жылғы 4-5 мамырда Астана қаласында өткен «Теңдестер арасында бірінші» халықаралық олимпиадасының жүлдегерлерін дайындаған.
- «Anatomy In Kazakh» атты YouTube каналы, 12 ғылыми жарияланымы, бір зияткерлік меншік куәлігі бар.
- 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған.