Қызметкерлер

Фотография Кусаинова Багира Сериковна
Кусаинова Багира Сериковна
  • Күсаинова Бағира Серікқызы 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетін «Эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдады.
  • 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін НАО МУК морфология кафедрасында ассистент-профессор болып жұмыс істейді.
  • 32 жылдық педагогикалық жұмыс өтілі бар.
  • Республикалық және халықаралық журналдарда мақалалары жарияланған.
  • 2013 жылы КГМУ баспасында басылып шықты:
  • «Морфофизиология бойынша медициналық терминологиялық сөздік» орысша-қазақша-ағылшынша тілдерінде, Алматы қаласы «Эверо» баспасында «Жүректің анатомиялық құрылысын оқуға арналған әдістемелік құрал» атты оқу құралы жарияланған.
  • 2013-2014 оқу жылында «Темпус» жобасына адаптор және тьютор ретінде қатысып, «Тимур Мұрзалин», «Георгий Марков» кейстерін бейімдеді.
  • «Стоматология» мамандығы бойынша кафедрадағы әдістемелік жұмысқа жауапты тұлға болып табылады.
  • Білімін үздіксіз жетілдіріп, оқу процесінде инновациялық компьютерлік бағдарламаларды толық көлемде қолданады: Primal 3D Interactive Series.Complete Human Anatomy. Student Edition. Primal 3D Interactive Series: Hand, Shoulder, Knee, Hip, Foot and Ankle, Spine.
  • «Көру мүшесінің анатомиясы мен гистологиясы» тақырыбында қазақ тілінде ашық интеграциялық тәжірибелік сабақ өткізді.
  • Күсаинова Бағира Серікқызының біліктілікті арттыру сертификаттары мен куәліктері бар.
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің грамотасымен марапатталған.
  • Білімін үздіксіз жетілдіріп, оқу процесінде инновациялық компьютерлік бағдарламаларды толық көлемде қолданады, интерактивті сабақтар өткізеді, PBL, TBL сияқты инновациялық оқыту әдістерін тұрақты түрде қолданады.
  • Оқыту тілі – қазақша, орысша.
  • 10 ғылыми жарияланымы, 1 зияткерлік меншік куәлігі бар.