Қызметкерлер

Комаров Тимофей Васильевич
Ғылыми дәрежесі: Медицина магистрі
Ғылыми атағы: Оқытушы
- Өзінің ғылыми қызметін 2019 жылы «Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға түсуімен бастады.
- 2019-2020 жылдары мемлекет қаражатынан қаржыландырылған зерттеу тобының (ҚР БҒМ гранты) мүшесі болды.
- 2020 жылы Scopus деректер базасында «METHODS OF VERIFICATION OF THE PHENOMENON OF MICROBIAL TRANSLOCATION IN ACUTE MESENTERIAL ISCHEMIA (REVIEW)» атты алғашқы мақаласын жариялады.
- 2021 жылы «Мезентериалдық ишемия моделінде бактериялық транслокацияны анықтауда молекулалық-генетикалық талдауды қолдану мүмкіндігін зерттеу» тақырыбында магистрлік диссертациясын сәтті қорғады.
- 2023 жылы ҚР БҒМ грантының «Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізудің жаңа тәсілдерін әзірлеу. Клиникалық зерттеулерді үйлестіру жүйесін құру» тақырыбындағы зерттеу тобының мүшесі болды.
- 2024 жылы ҚР БҒМ-ге ғылыми зерттеулер гранттары конкурсына екі өтінім тапсырылды: «Метотрексатпен емдеуге жауапты бағалауда фармакокинетикалық және молекулалық-генетикалық факторлардың байланысы» және «Метаболикалық синдромның негізгі буындарын жүзім, көкжидек, құлпынай жидектерінен алынған полифенолды экстракттар мен өсімдік тектес экзосомалық нанобөлшектердің көмегімен түзету мүмкіндіктері».
- ҚР БҒМ "ішек өтімсіздігі үлгілеріндегі тіндердегі, ішкі ағзалардағы және қанайналым жүйесіндегі бактериялық транслокация құбылысын кешенді бағалау" ғылыми-зерттеу грантының зерттеу тобының мүшесі 2018-2020жж.
- ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу грантының зерттеу тобының мүшесі "Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастырудың және жүргізудің жаңа тәсілдерін әзірлеу. Клиникалық зерттеулерді үйлестіру жүйесін құру " 2022-2024жж