Қызметкерлер

Фотография Карибжанова Роза Токетаевна
Карибжанова Роза Токетаевна
  • Карибжанова Роза Токетаевна 1990 жылдан бері морфология кафедрасында жұмыс істейді, педагогикалық қызметте 34 жыл еңбек өтілі бар.
  • Роза Токетаевна студенттер мен қызметкерлер арасында үлкен беделге ие.
  • «Өмірдің жалғасуы. Репродуктивті жүйе. Генетика.» модулінің координаторы болып табылады.
  • Білімін үнемі жетілдіріп отырады, оқу үдерісінде инновациялық компьютерлік бағдарламаларды толық көлемде пайдаланады: Primal 3D Interactive Series.Complete Human Anatomy. Student Edition. Primal 3D Interactive Series: Hand, Shoulder, Knee, Hip, Foot and Ankle, Spine.
  • «Есту және тепе-теңдік сақтау мүшелерінің анатомиясы мен гистологиясы» тақырыбында ашық интеграциялық практикалық сабақ өткізді.
  • Республикалық және халықаралық журналдарда мақалалары жарияланған.
  • 2013 жылы КГМУ типографиясында «Морфофизиология бойынша медициналық терминологиялық сөздік» қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде жарық көрді, Алматы қаласындағы «Эверо» баспаханасынан «Жүректің анатомиялық құрылысын оқуға арналған әдістемелік құрал» оқу құралы шығарылды.
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі «Анатомия лекция курсы» оқу құралының авторы.
  • 2002-2003 оқу жылында емдеу факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2007-2008 оқу жылында оқу топтарының кураторы болды. «Үздік курс кураторы» атағы үшін байқаудың нәтижесі бойынша ауыспалы вымпелмен марапатталды.
  • 2007-2008 оқу жылында қала мен облыс мектептерінің жас зерттеушілерінің ғылыми жұмыстарының республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында сарапшы болды.
  • 2008 оқу жылында мемлекеттік тілде оқу үдерісін бақылау және ұйымдастыру секциясының мүшесі, 2009-2010 оқу жылында студенттердің білімін, дағдыларын бақылау формалары мен әдістерін жетілдіру секциясының мүшесі болды. 2013-2014 оқу жылында «Темпус» жобасында адаптор және тьютор ретінде қатысты, «Тимур Мурзалин», «Георгий Марков» кейстерін бейімдеді. PBL сабақтарын өткізді.
  • 2018-2019 оқу жылында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен бірге «Анатомия білгірлері» атты квест-ойын ұйымдастырды.
  • 2017 жылы Карибжанова Р.Т. жетекшілігімен «Стоматология» мамандығы бойынша қазақ бөлімінің 1 курс студенті Куралбаева П. Будва қаласындағы халықаралық конференцияда «Anatomy in Kazakh» тақырыбында баяндама жасап, оң бағаланып, 2018 жылы Ақтөбе қаласындағы конференцияда 2 орын алды.
  • II Бүкілресейлік халықаралық қатысуымен өткен профессор А.Х. Аушевтің 90 жылдығына арналған «Медицина және қазіргі заман» ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады. «Anatomy In Kazakh» атты өзінің YouTube арнасы бар. 2023 жылы Астана қаласында өткен «Теңдер арасындағы бірінші» халықаралық олимпиадасының жүлдегерлерін дайындады.
  • Соңғы уақытта 10 ғылыми жарияланымы және зияткерлік меншік туралы куәлігі бар.
  • 2018 жылы Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімі Т. Шатохинаның құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2023 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.