Қызметкерлер

Камарова Айсұлу Мақашқызы
Қоғамдық денсаулық мектебінің деканы
Дәрігер эпидемиолог, магистр.
1977 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін «Қарағанды мемлекеттік медицина институтының» жалпы хирургия кафедрасында лаборант ретінде қызмет атқарған. 2004 жылы «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын» тәмамдаған. Біліктілігі - дәрігер.Өзінің педагогикалық қызметін эпидемиология кафедрасынан бастады. Оқыту әрекетінен басқа, әр жылдары шетел студенттерімен тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап 2026 жылдың қаңтар айына дейін қоғамдық денсаулық мектебінің академиялық және әлеуметтік жұмысы жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарған. 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап қоғамдық денсаулық мектебінің деканы болып тағайындалды.
Марапаттары:
- Білім беру министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің грамоталары;
- Қоғам мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін І-ші дәрежелі диплом және «Қазақстан Республикасының Алтын Жұлдызы» төсбелгісі;
- ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін П.М. Поспелов атындағы медальі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі.