Хабарландырулар

ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР. БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті әріптестер,

Сіздерді биомедицина саласындағы соңғы жетістіктер мен инновацияларға арналған "International Biomedical Forum: Research and Innovation" халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өтеді.

Конференция туралы толығырақ

Конференцияның тақырыптары:

  • Жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу және енгізу

  • Дәрілік құралдарды синтездеу және әзірлеудің жаңа әдістері

  • Клиникалық зерттеулер және жаңа препараттардың тиімділігін бағалау

  • Трансляциялық медицина және ғылыми зерттеулерді клиникалық практикаға енгізу

OMICs (Геномика, Протеомика, Метаболомика және басқалар):

  • Геномдық зерттеулердегі прогресс

  • Протеомика мен метаболомикадағы инновациялар

  • OMICs-тің күрделі биологиялық жүйелер мен ауруларды түсінуге әсері

Биоинформатика, деректерді талдау және жасанды интеллект биомедицинада:

  • Биомедицинада үлкен деректерді талдау әдістері

  • Медициналық зерттеулерде машинамен оқыту мен жасанды интеллект қолдану

  • Биоинформатиканы клиникалық практика мен персонализовандық медицинаға интеграциялау

Конференцияда пленарлық мәжіліс, секциялық жұмыс, шеберлік сыныптары өтеді. Сонымен қатар докторанттар мен жас ғалымдарға арналған арнайы секция жоспарланған. Қатысу формалары: баяндама жасаушы, тыңдаушы.

Баяндама жасаушыларға қосымша баяндамаларының материалдары негізінде "Медицина және экология" журналында мақаланы тегін жариялау мүмкіндігі ұсынылады (журнал жоғары білім және ғылым саласындағы сапа қамтамасыз ету комитетінің ұсынған журналдар тізіміне кіреді).

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: klyuev@qmu.kz, +77012508596

Құрметпен, "International Biomedical Forum: Research and Innovation" конференциясының ұйымдастыру комитеті



Date17 сәуір 2025
Time09:00
LocationKaraganda, Gogol str. 40, NCJSC «Karaganda Medical University»

Оқиға аяқталды

Хабарландырулар лентасы

Жарияланды: 10.04.2025
Жарияланды: 04.04.2025