Хабарландырулар
Құрметті Қарағанды медицина университетінің студенттері!
Сіздерді ҚМУ Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастыруымен өтетін Қарағанды медицина университетінің 75-жылдығына арналған «Білімнің биік ордасы: ҚМУ–75 жыл» атты студенттік ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция 2025 жылдың 14 наурызында сағ. 10:00 басталады.
Тіркеу уақыты: сағ. 09:00 (Ғылыми кеңес залының холы).
Конференцияның басты бағыттары:
1. Қазақстанның көрнекті тұлғалары: денсаулық сақтау саласын дамытудағы үлесі.
2. Медицинадағы заманауи инновациялар: теориядан практикаға.
3. Көптілділік – денсаулық сақтау саласындағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі факторы.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылдың 28 ақпанына дейін төмендегі материалдарды файлдармен ұйымдастыру комитетінің conf.kmu.2025@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет:
– мақала мәтіні (үлгі ұсынылған);
– конференцияға қатысу өтініші (үлгісі ұсынылған);
Конференция қорытындысы бойынша жинақтың электронды нұсқасы жарық көреді (тегін).
Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ белгіленген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар конференция жұмысы аясында қарастырылмайды.
Қатысу түрі – офлайн: баяндама (қатысушы сертификаты).
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Жіберілетін мақалалар редакцияланған және келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- мақала көлемі – 5 бетке дейін (суреттер мен кестелерді қоса алғанда);
- қаріп – Times New Roman, Kz Times New Roman, 14 кегль;
- шекарасы – жоғары және асты – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см;
- жоларалық интервал – 1,5;
- абзац жолдың басындағы шегініс – 1, 25см;
МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ
М.В. Абдуллаев
(ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., қауымдастырылған проф. Жумагалиева А.К.)
Қарағанды медицина университеті
Соңғы онжылдықтарда медицинада айтарлықтай жетістіктер мен инновациялар болды, олар денсаулық сақтау сапасын арттыруға, жұқпалы және генетикалық аурулардың алдын алуға, сондай-ақ фармацевтикалық, хирургиялық және цифрлық технологияларға жаңа емдеу әдістерін енгізуге ықпал етті .… … … ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ
1. Алчеков А., Джумамурадов П. Медицинадағы әлемдік жетістіктер. – «Ғылым Хабаршысы» халықаралық ғылыми журналы, №1 (82) 1 том, 2025 ж. қаңтар. – 256-б.
2. ...
3. ...
Конференция өтетін орын:
100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды,
Гоголь көшесі, 40, Қарағанды медицина университеті
Пленарлық отырыс: Сенат залы
Секция отырыстары:
1 секция - ….... аудитория,
2 секция - ….... аудитория,
3 секция - …... аудитория.
Ұйымдастыру алқасының байланыс телефоны: 8 (7212) 50-39-30 (1727).
Аратаева Айгуль Тукеновна - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының қауымдастырылған профессоры (байл. тел.: +7(701)475 76 57);
Аширбекова Анар Бокеновна - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының қауымдастырылған профессоры (байл. тел.: +7(701)557 94 40);
Мищенко Анна Николаевна - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының профессор ассистенті ( байл. тел.: +7(705)153 22 29);
Шильке Дарья Кайратовна – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының профессор ассистенті (байл. тел.: +7(775)803 30 05;
Зеитова Каракат Женисовна - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының оқытушы- тәлімгері (байл. тел.: +7(701)972 17 12);
Конференцияға қатысу үшін өтінім үлгісі
|
Қатысушының толық аты-жөні (қазақша, орысша, ағылшынша). |
|
|
Қатысушының мамандығы, тобы (қазақша, орысша, ағылшынша). |
|
|
Ғылыми жетекшінің толық аты-жөні, лауазымы (қазақша, орысша, ағылшынша). |
|
|
Мақаланың тақырыбы (қазақша, орысша, ағылшынша). |
|
|
Қатысушының байланыс телефоны мен эл.поштасы. |
|
|
Секция |
|