Хабарландырулар

Халықаралық қатысуымен өтетін Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «21 ғасыр хирургиясының эволюциясы» профессор Лохвицкий Сергей Викторовичтің 90 жылдығына арналады.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!!! Сіздерді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Лохвицкий Сергей Викторовичтің 90 жылдығына арналған "21 ғасыр хирургиясының эволюциясы" атты халықаралық қатысуымен өтетін республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2025 жылдың 17-21 ақпан күндері Қарағанды қаласында өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

  • "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ,

  • Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы,

  • Қазақстан хирургтар қоғамының Республикалық қоғамдық бірлестігі,

  • "Қарағанды медицина университетінің кәсіподағы" қоғамдық бірлестігі.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Қазақстан Республикасында хирургиялық қызметтің жағдайы мен даму перспективалары.

  2. Хирургиялық мамандық дәрігерлерін даярлау мәселелері, хирургиядағы білім беру трендтері.

  3. Хирургиялық профильдегі науқастарды емдеуде жоғары технологиялық хирургияны енгізу.

  4. Жедел хирургиядағы проблемалық мәселелер: клиникалық хирургиядағы қателіктер мен қауіптер, медициналық қателіктер.

  5. Жалпы хирургия және аралас мамандықтардағы жоғары ақпараттық диагностикалық әдістер: травматология және ортопедия, урология, онкология, ангиохирургия, гинекология.

  6. Қалпына келтіру-реконструктивті, пластикалық және бариатриялық хирургия.

  7. Орта медицина қызметкерлерін, операциялық медбикелерді даярлаудағы білім беру трендтері. Лапароскопиялық құралдарды даярлау ерекшеліктері, стерилизациядағы қиындықтар мен ерекшеліктер.

Конференция дәстүрлі форматта өтеді. Қатысу түрлері: ауызша баяндама (1-қосымша), постерлік баяндама, баянамасыз қатысу, мастер-класқа қатысу. Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Тіркеу QR-код арқылы онлайн жүргізіледі (2-қосымша).

17.02-20.02.2025 – пресс-конференциялық мастер-класс: "Хирургиялық апталық марафон: ХИРУРГИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР".

Өткізу орындары:

  • 17.02.2025: №1 көпбейінді аурухана, Қарағанды қ., Бирюзов к-сі, 22;

  • 18.02.2025: профессор Х.Ж. Макажанов атындағы көпбейінді аурухана, Муканов к-сі, 5;

  • 19.02.2025: ҚМУ клиникасы, Ардақ к-сі, 3;

  • 20.02.2025: Облыстық клиникалық аурухана, Н.Назарбаев даңғылы, 10.

21.02.2025 – Салтанатты жиналыс профессор Лохвицкий Сергей Викторовичтің 90 жылдығына арналған.

  • Өткізу уақыты: 09.00-11.00

  • Өткізу орны: ҚМУ, Гоголь к-сі, 40, 2-қабат, акт залы.

СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАР:

  1. "Клиникалық хирургиядағы жаңа технологиялар" – Сенат залы (229-бөлме)

  2. "Медицинадағы қателіктер мен қиындықтар" – Ректорат залы (227-бөлме)

Гала-кешкі ас – 18.00, "Arista" мейрамханасы, Инкарбаев к-сі, 2б. Қатысу жарнасы: 30 000 тг.

СЕРТИФИКАТТАР:

  • Баянамасыз қатысу – 10 ЗЕ;

  • Баяндамамен қатысу – 50 ЗЕ;

  • Мастер-класқа қатысу – 28 сағат (14 ЗЕ), төлем 20 000 тг;

  • Орта медицина қызметкерлеріне – 16 сағат (8 ЗЕ), төлем 10 000 тг.

Барлық сертификаттар электронды түрде беріледі. Төлем 17.02.2025 дейін жүргізілуі тиіс.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

  • Баймаханов Болатбек Бимендеевич – ҚР ДСМ бас хирургі, профессор, академик;

  • Риклефс Виктор Петрович – ҚМУ басқарма төрағасының м.а.;

  • Тулегенова Бибигуль Райхановна – Қарағанды облыстық ДСБ басшысы.

Байланыс үшін:

  • Калиева Динар Кенесхановна – асс. профессор, тел.: +7 701 227 6103, E-mail: Kalievadina@mail.ru

  • Жанасова Марал Маратовна – асс. профессор, тел.: +7 777 889 2041, E-mail: maral_8208@mail.ru

Төлем реквизиттері:

  • "Қарағанды медицина университетінің кәсіподағы" ҚБ

  • БИН 210240016713

  • KZ256010191000605161 (АО "Народный Банк Казахстана")

  • БИК HSBKKZKX

  • Төлем мақсаты: мастер-класқа қатысу ақысы.

Төлем мөлшері:

  • Дәрігерлер үшін – 20 000 тг

  • Орта медицина қызметкерлері үшін – 10 000 тг

Date17 ақпан 2025
Time08:00
LocationKaraganda, Gogol str. 40, NCJSC «Karaganda Medical University»

Оқиға аяқталды

Хабарландырулар лентасы

Жарияланды: 10.04.2025
Жарияланды: 04.04.2025