Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№2 АП ЦӘК әдістемелік- аптасы

№2 АП ЦӘК әдістемелік- аптасы

13 Наурыз 2015

ҚММУ медициналық колледжінің №2  арнайы пәндер оқытушыларымен бірлесіп Қарағанды қаласы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бойынша апат медицинасы орталығының филиалыөкілдерімен циклдік әдістемелік комиссиясының әдістемелік аптасы щеңберінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша  3 және 4 курс білім алушыларымен «Жол-көлік апаты кезіндегі жедел жәрдем» тақырыбында іс – шара өткізілді.

Апат медицинасы орталығының кеңеc беруші психологы А.Ю.Вовк жол-көлік апатына түсушілер, сондай-ақ куәгерлермен медицина қызметкерлерінің жедел жәрдем көрсету кезінде көптеген психологиялық  қиындықтар туындайтынын айтты. Зардап шегушіге және медицина қызметкерлеріне бірнеше тиімді көмек көрсету әдістерін ұсынды.

 

Бірінші санаттағы дәрігер Е.В.Гаврилова Қарағанды облысының апат медицинасы қызметінің толық құрылымы, ұйымның мақсаты мен міндетін, апат медицинасы орталығының жабдықталуы туралы жан-жақты айтып  берді. Оқу таныстырылымын қолдана отырып, жол көлік апатында  кездесетін  жарақаттарды жіктеп, бас, ішкі мүшелер және омыртқа жарақатының көптеген клиникалық көріністерінің ерекшеліктерімен  болашақ фельдшерлерді  таныстырды. Және де, білім алушыларға зақымданған автокөліктен зардап шегушіні алып шығару кезіндегі техникалық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ құтқарушылардың жұмысымен таныстырды.

Жоғары санатты фельдшер Т.Н.Овезнепесов манекен-симуляторына төтенше жағдайлар министрлігінің мобильді құрылғысын қолдануымен жол-көлік апаты орнында жедел медициналық көмек көрсету және емдеу мекемесіне дейін тасымалдау алгоритмін жан-жақты түсіндіріп көрсетті.

  Одан әрі білім алушылар жол көлік апаты жағдайындағы жедел көмек алгоритмін жасай отырып, зардап шегуші мен медицина қызметкерлерінің рөлінде өздерін көрсетті.


0
18119

пікірлер

пікір қалдыру үшін.