Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мәңгілік ел есінде

Мәңгілік ел есінде

13 Наурыз 2015

2015-жылдың 27-ақпанында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Шахтинск технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел есінде» атты сахналанған облыстық әскери – патриоттық және сарбаздар әндері байқауы өтті. Байқауға ҚММУ медициналық колледжінің білім алушылары Мадина Махмудкулова, Диана Жақсыкельды, Нұрғиса Абдуалиев, Антон Лавров, Диана Рахвалова, Вера Комиссарова, Александр Ульянов, Константин Мир-Али, Ахат Купейбеков, Рамазан Сауыт, Алексей Московой, Александра Кутимская, сонымен қатар жетекшілері – Е. Д. Ярославцева мен Ж. М. Сыздыкова қатысты.

Байқауға облыстың 16 колледжінен білім алушылар қатысты.

Біздің колледждің қатысушалары соғыс жылдарының  М.Ясеннің сөзі мен И.Лученоктың музыкасына жазылған «Майский вальс» әні мен Г.Е.Дикштейннің «21 маусым» өлеңіне хореографиялық және театрландырылған көріністерді ұсынды. 

Байқау қорытындысы бойынша ҚММУ медициналық колледж білім алушылары дипломмен марапатталды.



0
18640

пікірлер

пікір қалдыру үшін.