Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды «Біріккен ұлттар ұйымы моделі» рөлдік ойын халықаралық қозғалысқа қосылды

Қарағанды «Біріккен ұлттар ұйымы моделі» рөлдік ойын халықаралық қозғалысқа қосылды

12 Наурыз 2015


2015-жылдың 25-ақпанда «Заманауи әлемнің жаһандық жағдайында дәстүрлі құндылықтар» тақырыбына  рөлдік ойыны өткізілді. Ойын «Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Қарағанды қ. жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» КММ, «DIPLOMAT» ғылыми-зерттеу орталығы КММ демеуімен өткізілді. Кездесу орны – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультеті болды.

Бір апта бұрын командалар қай елді таныстыратындығын анықтау үшін жеребе салынды. Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің жетекшілігімен салынды ойынға бес команда жіберілді, оның құрамында: Канаданы Игорь Фисенко (2-074 ЖМ) және Хуршед Асатулоев (1-057 ЖМ); Ауғанстан Ислам Республикасын көрсеткен Жұлдыз Куаныш (3-005 ҚДС) және Жибек Жумадилова (3-016 ЖМ); Пакистан Ислам Республикасын Темирлан Саматов (2-001 ҚДС) және Балжан Тойжигит (1-008 ЖМ); Италияны Әсем Арымбекова (5-008 ҚДС) және Анаргүл Даукенова (6-015 ЖМ); Алжир Халықтық Демократиялық Республикасын көрсеткен Нариман Кашаев (3-092 ЖМ) және Асел Садвақасова (3-092 ЖМ) таныстырды.

Ойынға қатысушылар рөлдеріне кіріп, барлық көрсетілген көріністер шынайы болып көрінді. Әрбір өкіл қатысушы-мемлекеттер бүгінгі және бұрынғы істерінің жағдайын көрсетті. Қатысушылар қызықты және өзекті қарарларды ұсынды. Ал басқа мемлекеттердің өкілдері әбден негізделген, тарихи фактілермен қаруланған, берілген қарарға жанасатын сұрақтар қойды.  Қатысушылардың белсенділігі және құмарлығына қарамастан, ойын шарттары мен тәртібі сақталып өтті. 

Үзіліс кезінде, бейресми жағдайда, қатысушы-мемлекеттердің өкілдері осы немесе басқа қарарларды қолдайтын демеуші-мемлекеттердің қолдарын жинау үшін саяси кампанияға кірісті. Швеция Патшалығының өкілдерінің «Көші-қон жағдайында дәстүрлі құндылықтардың сақталуына» арналған  қарарын демеуші-мемлекеттердің ең көп қолдарын жинады.

Берілген рөлдік ойында адам бостандығы, есірткі заттарының таралуының алдын алу, мемлекеттердің жергілікті бүтіндігін құрметтеу және т.б. жанама қарарлар қаралды.

Айтып өтетін жайт, ойын тек қызықты ғана емес, ойын қатысушыларына аса нәтижелі өтті. Студенттер көптеген эмоциялар мен жақсы тәжірибе алды. Ойын соңында ойынның барлық қатысушыларына сертификат табыс етілді.

Игорь Фисенко

СӨӨБК ақпараттық секторы,

2-074 ЖМ тобы


0
18345

пікірлер

пікір қалдыру үшін.